Тікелей эфир: Күй шежіре
- Толығырақ
- Құрылды 30.11.2020 10:04
Байжігіт атындағы Шығыс Қазақстан облыстық халық аспаптар оркестрінің бас дирижері, көркемдік жетекшісі Шалқар Рысхановпен тікелей эфир 2020 жылдың 4 желтоқсанында «Күй шежіре» тақырыбында Instagram @pushknlibrary парақшасында өтті
Тікелей эфир барысында Шалқар Рысханов ЮНЕСКО-ның мәдени мұралары тізіміне енген ежелгі қазақ музыкалық жанры туралы айтып, «Қазақтың дәстүрлі мың күйі» музыкалық антологиясымен таныстырды. Қазақ күйлерінің жинағы "Мәдени мұра" бағдарламасы аясында жастар арасында ежелгі қазақ музыкалық жанрының шығармаларын сақтау және насихаттау, сондай-ақ Мәңгілік мөрі бар ұлттық рухани мәдениеттің баға жетпес мұрасын болашақ ұрпаққа жеткізу мақсатында жарық көрді.
Музыка жинағы екі кітаптан тұрады, оның біреуі музыкалық туындылардың пайда болу тарихын, сондай-ақ олардың авторлары туралы мәлімет береді, ал екіншісінде музыкалық туындылардың жазбалары мен нотасы бар аудиодискілерді қамтиды. Күйлер сыбызғы, домбыра және қобызда орындалды.
Анталогияға Абылай хан тұсында өмір сүрген шығысқазақстандық домбыра дәстүрінің ірі өкілі Байжігіт күйлері енді. Анталогияға қосылған Шығыс күйлерінде тарихи күйлер де маңызды орын алады. Атақты күйші Кетбұға - қазақ тарихындағы таңғажайып кейіпкерлердің бірі, Шыңғыс ханның замандасы, батыл батыр, ақылды би және көрнекті күйші ретінде танымал болды. Антологияға «Кетбұға күйі»» сол дәуірдің тарихи туындысы ретінде анталогияға енгізілген.
«Ертіс концерттің» әртісі, Байжігіт атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің домбырашысы Ринатов Ерасыл музыкалық жинаққа енгізілген Байжігіттің күйлерін орындады.
Байланысшы: Абылғазинова Гульбаршын
Байланыс тел 77056241725)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26048410
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы