«Ақын жаққан бір шырақ сөнбесін деп...» облыстық Хамит Балшабеков оқулары
- Толығырақ
- Құрылды 24.11.2020 09:41
А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы жерлес ақын Хамит Балшабековтің туған күніне орай «Ақын жаққан бір шырақ сөнбесін деп...» аталатын облыстық Хамит Балшабеков оқуларын жариялайды.
«Ақын жаққан бір шырақ сөнбесін деп...»
облыстық Хамит Балшабеков оқуының
Ережесі
1. Жалпы ақпарат
А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы «Ақын жаққан бір шырақ сөнбесін деп...» аталатын облыстық Хамит Балшабеков оқуын жариялайды. Байқау ақынның туған күніне орай ұйымдастырылып отыр.
2. Байқаудың ұйымдастырушылары мен қатысушылары
2.1. Сайысты ұйымдастырушы – А.С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасы және Шығыс Қазақстан облыстық Байжігіт атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің бас дирижері, әрі көркемдік жетекшісі Шалқар Рысханов.
2.2. Сайысты үйлестіруші – А.С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасы. Анықтама-библиографиялық қызмет орталығы.
2.3. Сайысқа қатысушылар – 16-30 жас аралығындағы жастар.
3. Байқаудың мақсаты мен міндеттері
3.1. Тіл мәдениетін көтеру;
3.2. Қазақ әдебиетіне деген қызығушылықты арттыру, жерлес қаламгерлердің шығармашылығын насихаттау;
3.3. Талантты жастарға қолдау көрсету;
3.4. Шығыс Қазақстан облысының әдеби мұрасын сақтауға үлес қосу.
4. Байқау тапсырмалары:
4.1. Хамит Балшабеков өлеңдерін мәнерлеп оқу;
4.2. Хамит Балшабековке арнау өлеңдер жазу;
4.3. Хамит Балшабековке арнау эссе жазу.
5. Байқау шарттары:
5.1. Қатысушы мүмкіндігіне қарай байқаудың үш тапсырмасын түгел немесе екі тапсырманы орындауы керек;
5.2. Өлеңді оқу уақыты 3-5 минуттан аспауы керек;
5.3. Фонограммаларды пайдалануға тыйым салынады;
5.4. Үміткерлер мәтінді жатқа оқулары қажет.
5.5. Жіберілетін видео сапасының жоғары болуы шарт. Жұмыс айқын кескінмен, сапалы дыбыспен ұсынылуы тиіс.
6. Бағалау көрсеткіштері:
6.1. Өлеңді оқу шеберлігі, дауыс мәнері және тіл тазалығы;
6.2. Тақырыптың ашылуы;
6.3. Ақын мұрасының терең зерттелуі;
6.4. Тілінің шұрайлылығы;
6.5. Материалды ұсыну ерекшелігі;
6.6. Идеясы, мазмұны;
6.7. Сахна мәдениеті.
Байқау 2020 жылдың 22 желтоқсан күні онлайн форматта өтеді. (қосымша ақпараттар хабарларанады). Байқауға қатысуға өтініштер 2020 жылдың 15 желтоқсанына дейін қабылданады. Көрсетілген мерзімнен кешіккен жұмыстар қабылданбайды.
Хамит Балшабеков өлеңдерін мәнерлеп оқу видео түрінде жіберілу қажет. Қатысушылардың өнері жас ерекшелігіне қарай сарапқа салынады.
Байқау жеңімпаздары арнайы дипломдармен, ақшалай сыйлықтармен, ақын кітаптарымен марапатталады. Қатысушылардың өлеңдері электронды түрде This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды поштасына қабылданады. Үздік жұмыстар кітапхана сайтына, әлеуметтік желідегі кітапхана парақшаларына қойылады.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26328753
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы