Тікелей эфир: «Адам құқығы - азаматтық қоғамның басты игілігі»
- Толығырақ
- Құрылды 09.12.2020 10:37
2020 жылғы 10 желтоқсан күні А.С. Пушкин атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен Facebook, @pushkinlibrary парақшасында «Адам құқығы - азаматтық қоғамның басты игілігі» тақырыбында тікелей эфир өтті.
Халықаралық адам құқықтары күніне арналған тікелей эфирде Өскемен қалалық соты төрағасының міндетін атқарушы Рашат Исламұлы Шериязданов Қазақстандағы адам
құқығы нормаларын дамытудағы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының рөлі туралы әңгімеледі. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы - алғашқы әмбебап халықаралық акт, 72 жыл бұрын 10 желтоқсанда БҰҰ Бас ассамблеясында адам құқықтарына назар аудару мақсатында барлық адамдар мен халықтар үшін идеал ретінде қабылданған болатын. Белгілі құжат нәсіліне, түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе басқа наным-сенімдеріне, ұлттық немесе әлеуметтік тегіне, мүлкіне, таптық немесе басқа мәртебесіне қарамастан әр адамға тән ажырамас құқықтарды жариялайды.
Бұл құқықтар бәріне тиесілі: барлық адамдар еркін және тең дәрежеде туады; әркімнің өз ойы мен идеясы бар; адамға деген көзқарас біржақты болмауы керек; әркімнің еркін және қауіпсіз өмір сүруге құқығы бар және т.б.
1966 жылы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі сыйлығы адам құқықтарын ілгерілету мен қорғауға ерекше үлес қосқан адамдарды марапаттау үшін тағайындалды. Сыйлық әр бес жыл сайын Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының жарияланған күніне орай беріледі. Ол алғаш рет 1968 жылы ұсынылған. Сыйлық лауреаттарының қатарында Джимми Картер, Мартин Лютер Кинг, Нельсон Мандела, Элеонора Рузвельт бар.
Жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерін білу қоғам өмірі мен әл-ауқатын жақсартуда маңызды рөл атқарады. Негізгі мақсаты - жастардың құқықтық сауаттылығы және құқықтық мәдениеті деңгейін арттыру.
Байланысшы: Қалиева Бақытгүл Тобиевна,
+7 7011043060
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26329012
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы