homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«Құлағың шалсын даусымды...» ақын Нұрлан Мәукенұлының (Берғазиев) туғанына 60 жыл
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Құлағың шалсын даусымды...» ақын Нұрлан Мәукенұлының (Берғазиев) туғанына 60 жыл

23 желтоқсан күні А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен инстаграм@ Pushkinlibrary парақшасында Зайсан өңірінің тумасы, Алаш әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Нұрлан Мәукенұлының (Берғазиев) туғанына 60 жыл (1960-2003) толуына орай ақынның жары Амангелді Гүлмира Амангельдіқызымен «Құлағың шалсын даусымды...» атты онлайн кездесу өтті.

МәукенұлыНұрлан Мәукенұлы - 1960 жылы 25 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданында туған. 1984 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика

Amangeidi

 факультетін, 1990 жылы КИМЭП-тің саясаттану бөлімін бітірген. Еңбек жолын құрылысшы болып бастаған. «Ана тілі» — »Жалын» бірлескен басылымы бас редакторыны

ң орынбасары болып істеді.
«Аудитория», «Қарлығаш» жыр топтамаларында өлеңдері жарияланған. 1995 жылы «Бойтұмар» жыр жинағы жарық көрді. «Сұңқарбұлақ» атты поэзиялық кітабы шықты (2008). Бірнеше мүшәйралардың, Алматыда өткен Түрік дүниесі поэзиясы фестивалінің жүлдегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.
Ақын «Қайран, ата-бабам-ай...», «Зайсан», «Зайсан деген жерден кеткен ем...», «Беғазы», «Қиқулап ұшқан қызғышым», «Күміс зерлі қазыналы жағданды», «Қытай ауған», «Бостандықта сүрдік пе біз көп ғұмыр?», «Қылқұйрықты мінбедім», «Бізден кейінгі ұрпақ», «Ертіс бол да, Есіл бол», «Туған ауыл» т.б.өлеңдерінде туған елдің тыныс-тіршілігі мен тарихы, туған жердің табиғаты, экологиясы, адам өмірі мен заман келбеті төңірегінде келелі ой өрбітеді. Бұл өлеңдері Нұрланды жаны нәзік лирик-ақыннан ұлт тағдырын зор үнмен, шынайы сезіммен жырлайтын нағыз азамат ақын тұғырына шығарды.
Жарық жұлдыздай жарқ еткен қысқа ғұмырында Нұрлан Мәукенұлы таңғы шықтай мөлдір поэзиясы арқылы оқырман жүрегінің ең нәзік түкпірлеріне жол тауып, сөз түсінер қауымды тәнті етті. Қазақ жырының көркемдік деңгейі мен мәдениетінің өсуіне үлес қосты.
Байланыс тел.: 26-13-33 (119)

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26334866
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102