Хамит Балшабеков оқулары өз мәресіне жетті
- Толығырақ
- Құрылды 22.12.2020 16:27
22 желтоқсан күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Ақын жаққан бір шырақ сөнбесін деп...» аталатын Хамит Балшабеков атындағы облыстық байқаудың қорытынды шарасы онлайн форматта өтті.
Хамит Балшабеков - Тарбағатай ауданының мәдениет саласында елеулі істер атқарып, ақындық пен қатар актерлік өнерін де шыңдай білген жан. «Жылқышы әні» атты алғашқы жыр жинағы 1969 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көреді. Кейінгі жылдары «Суырлының сұлу арқасында» атты жыр жинағы, «Өмір мен саған ғашықпын» кітабы, «Қантамыр», «Балтамыр», «Шұғыла көңіл» атты жаңа жыр жинақтары жарық көрді. «Тарбағатай ақындары жырлайды» атты жинаққа өлеңдері енген.
Жиырмадан астам өлеңдеріне ән жазылған. Атап айтқанда, «Мұзтаудың мұзбалағы», «Ұрпақ дауысы», «Әнші қыз», «Қосқарагөз», «Қос бұрым», «Жалши әні» өнер сүйер қауымның сүйіп тыңдайтын әндеріне айналған. 2006 жылы ақынға «Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді. Байқаудың басты мақсаты - тіл мәдениетін көтеру; жерлес қаламгерлердің шығармашылығын насихаттау; талантты жастарға қолдау көрсету; Шығыс Қазақстан облысының әдеби мұрасын сақтауға үлес қосу.
Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған байқауға облыстың түкпір-түкіпірінен 45 жұмыс түсті. Байқауға қатысқан 16-30 жас аралығындағы жастар Хамит Балшабеков өлеңдерін мәнерлеп оқу, ақынға арнау өлеңдер және эссе жазу номинациялары бойынша бақ сынады.
Байқаудың салтанатты марапаттау рәсіміне «тұлпардың тұяғы, алтынның сынығы», ақын ағамыздың ұлы Мерей Хамитұлы арнайы қатысып, өз лебізін білдірді.Дүбірлі додаға қатысқан үміткерлердің жұмысын саралаған қазылар алқасының құрамына кіргендер:
- Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағы ШҚО филиалының төрағасы, жазушы-публицист - Қаңтарбаев Әлібек Қалиұлы;
- Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі кино актеры, ШҚО театрының көркемдік жетекшісі - Әкелеев Сахан Долдиұлы;
- Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ШҚО Алтай телеарнасының шеф-редакторы - Қасымов Азамат Қасымұлы.
Қазылар алқасы байқауға қатысты өздерінің ұсыныс-тілектерін айтып, ыстық ықыластарын білдірді, жас таланттарға ақ жол тіледі. Ақынға деген сағыныш байқауға толассыз түскен шығармашылық жұмыстардан да айқын көрінді. Жүлделі орындар оқушылар және ересектер арасында бөлек сараланды.
Атап айтқанда:
Төмендегі қатысушыларымыз «Көркемсөз оқу шебері» номинациясымен марапатталады:
- Қажиакберова Аружан (Өскемен қаласы) – 15 000
- Табынқызы Шыңдар (Зайсан ауданы, Дайыр ауылы) – 15 000
- Амангелді Нұрдәулет (Зайсан ауданы) – 15 000
Енді жүлдегерлерімізді атап өтеміз. Оқушылар арасында:
3-орын – Қуанышқызы Лира (Зайсан ауданы, Біржан ауылы) – 20 000
2-орын - Манарбекқызы Аяжан (Зайсан ауданы, Қаратал ауылы)
– 30 000
1-орын – Болатбекұлы Аңсар (Тарбағай ауданы, Ақсуат ауылы) – 40 000
Ересектер арасында:
3-орын – Дарханқызы Ақерке (Шемонаиха қ) – 20 000
2-орын - Карибжанов Ақәділ (Бородулиха ауданы) – 30 000
1-орын – Таңат Қасым (Өскемен қаласы) – 40 000
Бас жүлде - Мейірхан Уәлихан (Тарбағатай ауданы, Маңырақ ауылы)
– 50 000
«Хамит Балшабековке арнау өлеңдер» номинациясы бойынша жеңімпаздар марапатталады.
Оқушылар арасында:
3-орын – Қадырбек Айнаддин (Зайсан ауданы, Біржан ауылы) – 20 000
2-орын - Тажиев Әділ (Катонқарағай ауданы) – 30 000
1-орын – Секенова Жаннұр (Глубокое ауданы, Опытное поле ауылы)
– 40 000
Ересектер арасында:
3-орын – Тұрсынбай Ербол (Жамбыл облысы) – 20 000
2-орын - Исағұлқызы Дана (Өскемен қаласы) – 30 000
1-орын – Жалелов Дәулет (Тарбағатай ауданы, Жаңаауыл ауылы) – 40 000
Бас жүлде – Елсінбекқызы Бағжан (Глубокое ауданы, Предгорное ауылы) – 50 000
Ақын шығармашылығы туралы «Эссе жазу» номинациясы бойынша марапаттар тапсырылады.
Оқушылар арасында:
3-орын – Ерлан Әлинұр (Тарбағай ауданы, Ақсуат ауылы)
2-орын - Билялова Нұрай (Өскемен қаласы)
1-орын – Бәгөшева Ажар (Катонқарағай ауданы, Шыңғыстай ауылы)
Ересектер арасында:
3-орын – Сүлейменова Замира (Өскемен) – 20 000
2-орын - Жекей Дәулетберді (Өскемен) – 30 000
1-орын – Кеңесхан Роллан (Тарбағатай ауданы, Көкжыра ауылы) – 40 000
Бас жүлде – Серікхан Айғаным (Катонқарағай ауданы Аққайнар ауылы) – 50 000
Аталмыш шара Хамит ағамыздың артындағы өнерін бағалап, жыр жаухарының халық арасында насихатталуына ұйытқы болған азаматтардың арқасында өтті. Кітапхана директоры Б.Шагиева демеушілерге қолдау көрсеткені үшін жылы лебізін білдіріп, Алғыс хаттар тапсырды.
Шараның бас демеушілері:
-Әбілмәжінов Әсет Беделбекұлы (Нұрсұлтан қаласынан)
-Бегенов Айқын Рысханұлы (Алматы қаласынан)
Сондай-ақ:
-Малгаждаров Қайрат Әнуарбек ұлы;
-Малгаждаров Хайдарбек Әнуарбекұлы;
-Қаблахатов Ержан Мұқышбекұлы;
-Малгаждаров Бауыржан Әнуарбекұлы;
Бекзаданов Ерлан Зиядаханұлы;
-Малгаждаров Дәурен Қозыбекұлы;
-Үсенов Ернар Қабенұлы
-Рысханов Шалқар Рысханұлы
Байқау жеңімпаздары арнайы дипломдармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Үздік жұмыстар кітапхана сайтына, әлеуметтік желідегі кітапхана парақшаларына қойылады.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26323278
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы