Кел, кел, Жаңа жыл!
- Толығырақ
- Құрылды 25.12.2020 14:43
Сіз А. С. Пушкин атындағы кітапханада сиқырлы шыршаның барын білесіз бе, оның әр бұтағына Сіз үшін жағымды болжамдар жазылған түрлі-түсті шиыршықтар ілінген. Баршаңызды 29 желтоқсан күні өз шиыршығыңызды иеленіп, біздің кешкі мерекелік бағдарламаға қатысуға шақырамыз.
Жаңа жыл қарсаңындағы бағдарлама биыл екі форматта өтеді. Кітапханадағы ғажайып мереке нышаны мен атмосферасын тосын сыйға толы кітап көрмесі құрайды. Мұнда жаңа жылдық дизайн, мерекелік сән және аспаздық кітаптармен қатар, мотивациялық кітаптар да өз оқырмандарын күтеді. Осындай кітаптардың әрқайсысының астарынан Сіз керемет кеңестер, ерекше ұсыныстар мен дана ойлар таба аласыз. Бұл ерекше кітаптар сізді бірден қызықтырары сөзсіз.
Сондай-ақ, мерекелік офф-лайн бағдарламада: оқырмандармен экспресс-сұхбат, зияткерлік үстел ойындары, танымдық викториналар, сыйлыққа толы көңілді конкурстар мен караоке…
Жаңа жылдық мереке қарсаңында кітапхананың әлеуметтік желілерінде #Отбасылық жәдігер челленджі бастау алады. Жылдар бойы Сіздің жаңа жылдық шыршаңызға сән берген ескі шырша ойыншығының фотосуретімен бөлісіңіз. Бәлкім, ол таңғажайып әрі керемет оқиғаның куәгері болар. Әжеңнен қалған қарлы-ақ шар немесе жаңғақты тиін болмаса шыныдан жасалған түрлі-түсті етікті мысық… туралы әңгімелеңіз. Егер мұндай сирек кездесетін шырша ойыншықтары Сізде сақталмаса, онда эксклюзивті жаңа жылдық безендірулер жасау бойынша мастер-класс ұсыну арқылы авторлық қолөнеріңізбен бөлісіңіз. Ілеспе мәтін құпталады. Баршаны мерекелік интерьерге арналған қолмен жасалған декорацияңызбен таңқалдырыңыз және Сіздің жаңа жылдық коллекцияңыз біздің кітапхананың арнайы кәдесыйымен толығатын болады!
Сондай-ақ, кітапхананың әлеуметтік желілерінде «Кел, кел, Жаңа жыл!» атты музыкалық-ойын-сауық бағдарламасын тамашалап, печеньемен жаңа жылдық әзілге толы бал ашып, жаңа жылдық қолөнер бұйымдарын жасау бойынша бейне мастер класстан өтіп, шырша әшекейлерін 3D-модельдеу бойынша онлайн сабақтарға қатысуға болады.
Жаңа жыл – ең сүйікті де жарқын мерекелердің бірі. Әр адамның жүрегінде ол қуаныш, ертегі әрі сиқырмен байланысты. Ендеше бір-бірімізге жаңа жылдық көңіл-күй мен жылу сыйлайық, достар!
Анықтама тел: 261-333 (ішкі. 119)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26323278
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы