Жаңа жыл құтты болсын!
- Толығырақ
- Құрылды 29.12.2020 18:01
Бұл күні А. С. Пушкин атындағы кітапхана қонақтары сиқырлы шыршаның жанындағы, сиқырлы қобдишадан жағымды болжамдар жазылған түрлі-түсті шиыршықтарды алып, жаңа жылдық мерекенің куәсі болды.
Кітапханадағы ғажайып мереке нышаны мен атмосферасын тосын сыйға толы кітап көрмесі құрады. Мұнда жаңа жылдық дизайн, мерекелік сән және аспаздық кітаптармен қатар, мотивациялық кітаптар да өз оқырмандарын күтті.
Сондай-ақ, мерекелік офф-лайн бағдарламада: оқырмандармен экспресс-сұхбат, зияткерлік үстел ойындары, танымдық викториналар, сыйлыққа толы көңілді конкурстар мен караоке…
«В Кругу друзей» клубының тұрақты мүшелері, ардагерлер жасыл шырша жанында «Жаңа жылдық көгілдір от» музыкалық ойын-сауық құттықтауларын түсірді. Құттықтауларды кітапхананың әлеуметтік желіден көре аласыздар.
Жаңа жылдық қолөнер бұйымдарының бейне шеберлік сыныптары және шырша әшекейлерін 3D-модельдеу бойынша онлайн сабақтар виртуалды оқырмандарға өздерін шығармашылықтарын сынап көруге мүмкіндік береді.
Құрметті оқырмандар! Жаңа жыл жақсылығымен келсін! Отбасыларыңыз аман, дедеріңіз сау болсын! Кітапханада өткен жаңа жылдық іс-шаралар туралы бейнесюжетті әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан көре аласыздар.
|
|
|
|
|
|
|
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26325520
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы