"Қайым Мұхамедханұлының әдеби тұлғасы" әдебиетші ғалым Елдос Тоқтарбаймен тікелей эфир
- Толығырақ
- Құрылды 05.01.2021 16:00
5 қаңтар күні сағат 15.00 – де А.С.Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен @Yeldos Toktarbay Фейсбук парақшасында "Қайым Мұхамедханұлының әдеби тұлғасы" тақырыбымен әдебиетші-ғалым, балалар жазушысы, «Дарын» сыйлығының лауреаты, алаштанушы, Елдос Тоқтарбаймен онлайн кездесу өтті.
Қайым Мұхамедханұлы (05.01.1916 – 30.06.2004) – ғалым, абайтануды ғылыми негіздеуші, шәкәрімтанудың негізін қалаушы, текстолог, Семейде Абай мұражайын ұйымдастырушы, ұстаз, ақын, жазушы, драматург, әдеби аудармашы, қоғам қайраткері.
Қазақ ССР Гимнінің авторы, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының, Жазушылар одағы сыйлығының, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Халықаралық Абай академиясының (Лондон) Алтын медалінің иегері, профессор, КСРО және Қазақстан халық ағарту ісінің үздігі; Семей, Аягөз қаласының, Жаңасемей, Абай аудандарының Құрметті азаматы; 1000-ден аса ғылыми еңбектің авторы.
Ғалым, дарынды драматург, шебер аудармашы, ұстаз Қайым аға М.Әуезовтің жетекшілігімен Абайдың ақындық мектебін зерттеді. Жазушы ғалым абайтану, әуезовтану саласында жемісті еңбек етіп, «Абай шығармаларының текстологиясы» (1959), «Мағауия Абайұлы» (1959) атты кітаптар, әдеби-зерттеу мақалаларын жазды.
Жемісті еңбегінің арқасында «Абай» энциклопедиясын шығаруға ат салысты. «Дәуір» баспасынан «Абайдың ақын шәкірттері» атты төрт томдық монографиясы мен «Атамұра» баспасынан шыққан «Абай мұрагерлерінде» Әлихан, Ахмет, Міржақып сияқты алыптар сөз қозғалды.
Елдос Тоқтарбай 1993 жылдың 2 қаңтарында Алматы облысының Көксу ауданы, Балпық би кентінде дүниеге келген. Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ-ның филология факультетін, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің магистратурасын тәмамдаған, қазіргі таңда жастар арасынан шыққан белсенді қоғам қайраткері.
Елдос қаламгер жастарға елдің тарихы мен мәдениетін жаңаша көзқараста, тәуелсіздік талабымен жазуды көздейді. Басты мақсаты – ұлттық сананы, қоғамдық сананы қалыптастыру. Тағы бір мақсаты – қазақ әдебиетінің алтын қазынасындағы классикалық туындыларды шет тілдеріне сапалы аударып, әлем әдебиеті кеңістігіне көтеру.
Байланысшы: Кемешева Меруерт Ниғметолдақызы,
Тел.: 87052819343
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26339157
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы