homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«Оқы және жеңіске жет» 6-8 сынып оқушыларына арналған облыстық конкурсы
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Оқы және жеңіске жет» 6-8 сынып оқушыларына арналған облыстық конкурсы

Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстанда «Оқу мектебі» жобасы бастау алды. «Оқу, немесе халықаралық сарапшылардың пікірінше, оқу сауаттылығы – табысты тұлғаны, бәсекеге қабілеттілікті және қазіргі қоғамда өзара іс-қимыл жасай білуді қалыптастырудың негізгі дағдыларының бірі» - деп атап өтті Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов.

Республикалық жобаны іске асыру аясында ШҚО білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасымен бірлесіп 6-8 сынып оқушыларына арналған «Оқы және жеңіске жет» облыстық конкурсының өткізілетіндігін хабарлайды.

Конкурс оқу мәртебесін, белсенділігін арттыру және оқу сапасын жақсарту, балалар мен жастардың мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту, сондай-ақ өскелең ұрпақтың бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік бағдарларды қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

Барлық ниет білдірген оқушыларды конкурсқа қатысуға шақырамыз.

Әдебиеттер тізімі:

1. Бердібек Соқпақбаев «Жекпе-жек».

2. Марат Қабанбаев «Жиһангез Тити».

3. Толымбек Әбдірайым «Алабұға аулаған күн».

4. Зира Наурызбаева, Лиля Калаус «Алтын тостағанды іздеу»

5. Мәди Айымбетов «Бар болғаны он төрт жас».

Тізімдегі кітаптарды осы сілтеме арқылы оқуларыңызға болады http://irbis.pushkinlibrary.kz:8087/jirbis2/index.php?option=com_irbis&view=irbis&Itemid=1605&lang=ru:8087/jirbis2/index.php?option=com_irbis&view=irbis&Itemid=1605&lang=ru

«Оқы және жеңіске жет» облыстық конкурсын өткізу
ЕРЕЖЕСІ

І. Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже республикалық «Оқу мектебі» жобасын жүзеге асыру аясында әзірленді және 6-8 сынып оқушылары арасында «Оқы және жеңіске жет» облыстық конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) мақсаты мен міндеттерін анықтайды, ұйымдастыру мен өткізу тәртібін және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді.
1.2. Конкурс Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – «Дарын» ДпҚББД ШҚҒӘО) А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасымен бірлесіп ұйымдастырылады.
1.3. Конкурстың мақсаты – оқу және оқу белсенділігінің мәртебесін арттыру және оқу сапасын арттыру, балалар мен жастардың мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту, сондай-ақ жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік бағдарларды қалыптастыру болып табылады.
Конкурстың міндеттері:
- қысқы каникул кезінде балалардың бос уақытын көңілді, мәнді ұйымдастыру;
- жеке жұмысты жандандыру арқылы балалардың оқу белсенділігін ынталандыру;
- балалардың өз бетінше әдеби шығармашылық процесіне тарту арқылы олардың әдеби және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

ІІ. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі

2.1. Қатысушыларға заманауи балалар және классикалық әдебиеттер тізімі ұсынылады (Қосымша). Әдебиеттерді оқу аяқталғаннан кейін шығарманың мазмұны бойынша викториналық - сауалнама жүргізіледі. Қатысушылар Exam.net платформасында викторинаны өтеді. Викторинаның қорытындысы бойынша Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.

ІІІ. Конкурсты ұйымдастыру комитеті
3.1. Конкурс ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылады.
Ұйымдастыру комитеті:
- Конкурстың дайындығына және өткізілуіне тікелей басшылықты жүзеге асырады;
-Конкурстың нәтижелерін талдайды және қорытындылайды.

IV. Конкурс қатысушылары

4.1. Конкурсқа ШҚО білім беру мекемелерінің 6-8 сынып оқушылары қатыса алады.
4.2. Конкурстың жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.

V. Конкурсты өткізу шарттары мен уақыты

5.1 Конкурс 2020 жылдың 31 желтоқсанынан 2021 жылдың 31 қаңтарына дейін өтеді.
5.2. Викториналық сұрақтар мен оны орындау бойынша нұсқаулар www.shygysdaryn.kz сайтында орналастырылады. Викторинаның өту уақыты 2021 жылдың ақпанның бірінші онкүндігі Exam.net платформасында.

VI. Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау

6.1., Жеңімпаздар 1, 2 және 3 дәрежелі дипломдармен марапатталады. Конкурс қорытындысы www.shygysdaryn.kz сайтында жарияланады.

 

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26325293
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102