homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«Сындарлы 30 жыл – 30 асу»: әдебиеттер көрмесінің ашылуы
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Сындарлы 30 жыл – 30 асу»: әдебиеттер көрмесінің ашылуы

27 қаңтар күні, сағат 11.00-де А.С. Пушкин атындағы кітапханада еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Сындарлы 30 жыл – 30 асу»/ «30 лет созидания – 30 достижений» атты мерекелік әдебиеттер көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Көрмеде ұсынылған басылымдар отыз жыл ішіндегі Қазақстанның жаңа тарихынан орын алған негізгі, барынша маңызды оқиғаларды ашып көрсетеді.

Тәуелсіз жас мемлекеттің алғашқы нық қадамдары жайлы иллюстративті Қазақстан Конституциясы, Семей полигонының жабылуына арналған М. Сәрсекенің «Семей қасіреті» кітабы, А. Арыстанбекованың «Объединенные нации и Казахстан» және «Казахстан в ООН: история и перспективы» монографиялары, Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы, мемлкеттік рәміздер мен валюта жайлы «История формирования государственных символов Республики Казахстан» басылымдары мол мағлұмат береді.
Еліміз аяғына нық тұрып, әлеуметтік тұтастық – Қазақстан Халқын қалыптастыруға қол жеткізді. Оның беделді өкілі – Қазақстан халқы Ассамблеясы этникааралық келісім мен қоғамымыздың бірлігін сақтап, нығайтуға ықпал етеді. Ассамблеяның 25 жылдығына көрмеден орын алған халықтық дипломатияның топтастырылған зияткерлік әлеуетін паш ететін «Қазақстан: бірлік және келісім мекені» еңбегі арналған.
Қазақстан қоғамдық келісім, сяси тұрақтылық және бейбіт сыртқы саясаты арқасында әлемдік аренаның беделді бастамашыл еліне айналды. Мемлекетімізді жалпы халықаралық аренада өзге елдердің тануы жөнінде Б. К. Султановтың «Казахстан и современный мир» кітабында, «Төртінші индустриялық революция» және «Председательство Республики Казахстан в ОБСЕ: доверие, традиции, транспарентность, толерантность» жинақтарында, «Президент және Астана ЭКСПО-2017», әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірінші Съезі жайындағы «Благословенный диалог» фотоальбомдары және т.б. басылымдарда айшықты баяндалған.
«Мәдени мұра»/«Культурное наследие» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру ұлттық құндылықтарды, оның әр ұрпақтың өміріндегі өзектілігін сақтауға ықпал етеді. Көрмедегі «Ұлы Дала елі»/«Страна Великой Степи», «Ботай. Дала өркениетінің бастауында» және т.б. басылымдар Ұлы дала мәдениетін дүниежүзілік қауымдастықтағы мазмұны мен мағынасы жөнінен ең бай мәдениеттердің бірі ретінде суреттейді. Шығыс Қазақстан – еліміздің киелі орындары тарихындағы бірегей аймақ, бұған А.Т. Толеубаевтың «Раннесакская шиликтинская культура», З. Самашевтың «Берел в истории культуры Древних кочевников казахского Алтая» ғылыми еңбектері, жыл сайын өтетін «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі»/«Алтай – колыбель тюркского мира» Халықаралық конференциясының материалдары дәлел.
Еліміздің жаңа тарихының энциклопедиясы атанған Елбасы Н. Назарбаевтың тарихи публицистика жанрында жазылған «Тәуелсіздік дәуірі» еңбегі оқырманға егеменді еліміздің тарихын хронологиялық ретпен баяндайды: алғашқы қадамдар мен қиындықтар, ауқымды жоспарлар, шешуші әрекеттер мен олардың орындалуы. Кітаптың әр жолы автордың сенімділігі мен батылдығына, қол жеткізген нәтижелер үшін мақтанышына толы, ал ондай жетістіктер елімізде аз емес. Көрмеде бәскеге қабілетті 50 елдің қатарына ену, ашық ғарышқа шығу, ғылым, мәдениет, спортта қол жеткізген жетістіктер тәрізді мемлекет пен қоғамның тұрақтылығы мен зор әлеуетін қамтамасыз еткен экономикалық модернизация мен әлеуметтік саясаттың серпілісті бастамаларының нәтижесін айшықтайтын фактографиялық, статистикалық материалдар ұсынылған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелей отырып, біз жетістіктерімізді зерделеп, болашақ міндеттерімізді айқындау керектігін атап көрсетеді. Қазақстанның жетістігі – бүкіл халықтың жетістігі, сол себепті бастамалар, білім, әр қазақстандықтың күнделікті еңбегі – біздің жарқын, ортақ болашағымыздың кепілі.

Байланыс  тел.: 26-13-33

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26327387
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102