Тікелей эфир «Қаржылық сауаттылық байлыққа бастар жол»
- Толығырақ
- Құрылды 01.02.2021 10:54
5 ақпан күні сағат 15.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен «Erita¬_finance school» онлайн мектебін құрушы, Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі, халықаралық деңгейдегі бизнес-тренер, кәсіпкер Абдибаева Эритамен «Қаржылық сауаттылық байлыққа бастар жол» тақырыбында онлайн кездесу өтті.
Бүгінгі таңда қаржы сауаттылығын арттыру өзекті мәселеге жатады. Қаржылық сауаттылық - әр адамға қажет дағды. Қаржылық сауаттылық – бұл бірінші кезекте өз ақшаңызды сауатты басқаруды білдіреді. Бірақ, өкінішке орай, мамандардың айтуынша Қазақстанда жұмыс істейтін адамдардың 90 пайызы дерлік қаржылық білімі саяз. Кредит алмай, несиенің қандай да бір түріне соқтықпай, өз ақшаңды жинай алу дағдысы бізде әлі орныға қоймаған.
Ай сайын табатын жалақының қалай жұмсалуын, қайда кететінін әр тиынына дейін жоспарлап, болашаққа ақша жинау – ол біздің адамдарға әлі жат қылық. Сол үшінде қаржыгерлер ел экономикасының дамуы үшін жаппай қаржылық сауат керек деп айтуда.
Осы мақсатпен эфирге шақырылып отырған Эрита Абдибаева ханым «Кірістер мен шығыстарды жазып жүрудің маңызы неде?», «Қаражатты тиімді жұмсаудың амалдары қандай?», «Ақшаны қалай жинау керек?», «Депозитті таңдағанда не нәрсеге көңіл бөлген жөн?» сияқты тақырыпта сұхбат өткізді.
Эрита Абдибаева – Қызылорда өңірінің тумасы, бүгінде Астана қаласында тұрады. Соңғы жылдары «Қаржылық сауаттылық байлыққа бастар жол» тақырыбында вебинар, марафондар өткізіп, қарапайым халықтың қаржылық сауатын көтеріп жүрген маман.
Қазіргі халық арасындағы індетке байланысты туындаған психологиялық күйзелістің алдын алу және әртүрлі қаржылай тығырықтан шығар жол таппай жүрген жандарға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылып отырған онлайн сұхбат пайдалы ақпараттарға толы болмақ. Жалпы өз өмірін жақсы жаққа өзгерткісі келетін әр адам өз сауалына жауап алды деген ойдамыз.
Байланысшы: Абылгазинова Гульбаршын
Байланыс тел.: 26-13-33
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26323831
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы