Кітап - ең жақсы сыйлық
- Толығырақ
- Құрылды 12.02.2021 12:53
14 ақпан - Халықаралық Кітап сыйлау күні. Мереке Миннесота штатының мектеп кітапханашысы және кітап блогері Эми Бродмурға идеясымен бастау алған. Бұл күн алғаш рет 2012 жылы атап өтілді. Жыл сайын мерекенің географиясы кеңейіп келеді, бүгінде ол әлемнің 30-дан астам елінде, соның ішінде Қазақстанда өтіп жатыр. Біздің кітапханада Кітап сыйлау акциясы жыл бойы жалғасады.
Кітаптарды кітапхана оқырмандары мен жазушылары, ұйымдар мен ұжымдар сыйға тартады. Қала мен облыс тұрғындары үшін кітапханаға Жеке коллекциядан кітап беру дәстүрге айналды.
Кітапханалық статистикаға сәйкес: 2021 жыл басталғаннан бері оқырмандар 436 көркем кітапты сыйға ұсынды.
Авторлардан сыйлық: Үсен Әлімбетов –Тұтқабай Әшімбаев «Естеліктер- Воспоминане», Серік Қажығалиұлы – «Өлең - жиырма бес» (20 дана), Медеу Сәрсеке «Сексен бестің төрінен» (10 дана), Рауза Исмурзина «Тұғыл - тұғырлы мекен» - 1 дана.
Қала және облыс ұйымдарынан кітапхана қорына 58 дана сыйға тартылды: ҚР президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты – 2 дана, "Литер 3" ИОО "Большая советская энциклопедия" - 30 дана, Фолиант баспасы – 2 дана, "Асыл тас" қоры "Тарихқа толы Тарбағатай" 2 дана, «Үш қоңыр» газетінің Болат Батыр редакторы "Әдебиеттануға үлеспе" - 2 дана, Сағынышты сыр" 2 дана.
Пушкин кітапханасы 462 кітап сыйға тартты: ҚР ІІМ ҚАЖК 156/3 түзеу мекемесінің аумағындағы жабық үлгідегі пенитенциарлық жүйенің №3 кешкі мектебі – 230 дана, ҚР ІІМ ҚАЖК ОВ 156/20 түзеу мекемесі – 156 дана, ҚР ІІМ ҚАЖК 156/1 түзеу мекемесі -76 дана.
Биылғы жыл Кітапхана үшін мерейлі жыл. Өзінің 125 жылдығында кітапхана кітап сыйлау дәстүрін жалғастырады.
Біздің оқырмандар үшін Кітап ең жақсы сыйлық болып қала береді!
Байланысшы: Жансая Ашкенова
Байланыс тел.: 26-13-33
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26323831
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы