homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВОнлайн сұхбат «Тілге құрмет – елге құрмет»
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Онлайн сұхбат «Тілге құрмет – елге құрмет»

22 ақпан күні сағат 15.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен Халықаралық ана тілі күніне орай мемлекеттік қызметкер, Қазақстан Ассамблеясының белсендісі, қазақ тілінің мәртебесін көтеріп жүрген Владимир Чепельмен инстаграм @vladimir.chepel парақшасында онлайн кездесу өтті. 

Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Ендеше, тілге қандай құрмет көрсетсек те лайық. Осы тұрғыда ана тіліміздің жыртысын жыртып, тіл мәдениетін көтеруге атсалысып жүрген басқа ұлт өкілдері аз емес. Солардың бірі – Чепель Владимир Сергеевич. Көзін ашқаннан ауылдағы қазақ балаларымен бірге ойнап өскен ол мемлекеттік тілді жетік меңгерген. Мектепті, жоғарғы оқу орнын орысша бітірсе де, қазақ тілінде еркін сөйлейтін В. Чепельдің әлеуметтік желідегі қазақ тілінде айтқан өткір ойлары халықтың көңілінен шығып жүр.
«Мемлекеттік тілді білмейтін мемлекеттік қызметкерлерді ауылға жіберу керек. Әрі тәжірибе алмасып, әрі сондағы ата-апаларымыздан қазақша сөйлеуді үйреніп қайтар еді. Түбі қазақ тілі – ұлы даланың ұлтаралық тілі болатынына сенімдімін!», - дейді Владимир Чепель.
Владимир Чепель 1993 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің «Қапал ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің Бас маманы.
У.Ә. Жолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
2017 жылдан бастап Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің жастары арасында мемлекеттік тілді оқыту бойынша кешенді жұмыс жүргізеді. 2018 жылдан бастап жергілікті жастарға арналған ауылдық мәдениет үйінің жанынан спорт залын, оның ішінде амрестлининг бойынша спорт секциясын ашуға бастамашылық етті.
2020 жылғы 3 желтоқсандағы Жарлық бойынша Ерен еңбегі үшін медальмен наградталды. ҚР Тұңғыш Президенті - Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан Республикасының Ассамблеясына 25 жыл" мерейтойлық медалімен (2020), Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мейірім" төсбелгісімен (2020); Алтын төс белгісімен марапатталып, "Қазақстан Республикасы жастарының Алтын кітабына"(2020) енгізілген.
Бос уақытында спортпен шұғылданады, мемлекеттік тілде поэзия оқып, қазақ тіліне қатысты өзінің ой-толғамдарын ортаға салды. Сұхбатты мына сілтеме арқылы  https://www.instagram.com/p/CLlvDZ3BMc4/ тамашалай аласыздар.

Байланысшы: Абылгазинова Гульбаршын
Байланыс тел.: 26-13-33

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26323831
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102