homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«Жыр алыбы Жамбыл» Ж. Жабаевтың шөбересі Бұлан Жамбылмен онлайн сұхбат
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Жыр алыбы Жамбыл» Ж. Жабаевтың шөбересі Бұлан Жамбылмен онлайн сұхбат

26 ақпан күні сағат 12.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен @pushkinlibrary - Инстаграм парақшасында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай ақынның шөбересі Бұлан Жамбылмен «Жыр алыбы Жамбыл» тақырыбында онлайн кездесу өтті.

Бұлан ЖамбылЖамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылық қызметі өте күрделі. Ол жүз жасап, екі дәуірді басынан өткерген ақын. Ұлы Отан соғысы кезінде Жамбыл өлеңдері майдан даласын шарлап, жауынгерлерді ерлікке, ел қорғауға шақырды. «Ленинградтық өренім» өлеңі Ленинградты қорғаудың нағыз бір ауыр күндерінде шығарылып, ұранға айналды.
«Жамбыл атам мен үшін жырау. Қазақтың небір әдеби үлгілерін жеткізуші. Ол жай өнер адамы ғана емес, бойында қасиеті бар әулие кісі деп білемін»,- дейді сұхбаттарында Бұлан мырза.
Ақынның шөбересі Бұлан Жамбыл - 1978 жылы Алматыда туған. 1995 жылы Ораз Жандосов атындағы мектепті, 1999 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген. Қазақ радиосында редактор-жүргізуші, Қазақ энциклопедиясында бөлім редакторы, «Рахат» телеарнасында жүргізуші-редактор, «Айқын» республикалық газетінде тілші болған. 2018 жылдан «Ұлттық аударма бюросында» редактор. Әуен, өлең шығарады. Домбырамен әуелетіп ән салғанды жақсы көреді.
Жалпы Жамбыл Жабаевтың артындағы ұрпақтары өсіп-өнген әулет. Бұл туралы филология ғылымдарының докторы Уәлихан Қалижанов ағайымыз «Ұлы дала тұлғалары» айдарымен жарық көрген «Жамбыл» атты кітабында, 151-152-беттерде, Жамбылдың он бір баласы болған екен» деп айтады.
Ал, Бұлан мырза әлеуметтік желідегі парақшасында «Жамбыл атамның ұрпақтарының өсіп-өнгені сондай, бүгінде бірін бірі танымайтын да шығар» деген пікір қалдырыпты.
«Жамбыл менің жай атым, халық менің шын атым!»деп жырлаған Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы бүгінде республика көлемінде аталып өтілуде. Осы мерейтойға арнайы ұйымдастырылып жатқан шараға қатысып, Жамбыл атамыздың шөбересі Бұлан Жамбылмен кездесуді мына сілтеме арқылы көріп тамашалай аласыздар. https://www.instagram.com/p/CLvwlPChbHK/ .

 

Байланыс тел.: 26-13-33 (123)

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26336017
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102