homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары» онлайн форсайт-форумы
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары» онлайн форсайт-форумы

2021 жылдың 01-05 наурыз аралығында А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен ZOOM платформасында «Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары» онлайн форсайт-форумы өтті.

Форум спикерлері – белгілі қазақстандық алаштанушы-ғалымдар, оқытушылар, музей қызметкерлері Алашорда үкіметінің жетекшісі Әлихан Бөкейханов, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысы жетекшілерінің бірі, қазақтың тұңғыш математигі, профессор, қазақ тіліндегі тұңғыш «Жоғарғы математика курсы» оқулығының авторы Әлімхан Әбеуұлы Ермеков, көрнекті мемлекеттік және саяси қайраткер, Алаш қозғалысына қатысушы, заңгер, публицист Райымжан Мәрсекұлы, Алаш зиялысы, заңгер, құқықтану магистрі Жақып Ақбайұлы және тарих ғылымдарының докторы, профессор Ермахан Бекмаханұлының өмірі мен қызметі, елінің азаттығы мен тәуелсіздігі жолындағы күресі жайында баяндамалар жасап, интерактивті дәріс, сұхбаттар өткізіп, виртуалды қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Форсайт-форум қонақтары: академик Дихан Қамзабекұлы; алаштанушы, профессор Сағымбай Жұмағұл; алаштанушы Сұлтан-Хан Аққұлы; Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінің жоғары дәрежелі маманы Анар Маратқызы Төлеубаева; Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы, алаштанушы Смагулова Светлана Одепқызы; тарих ғылымдарының доценті, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары Қашқымбаев Амангелді Нұркейұлы; Еуразия гуманитарлық институтының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Өскембаев Канат Сәдуақасұлы.

Форум аясында өткен барлық тікелей эфирлерді төменде көрсетілген сілтемелер арқылы

 тамашалай аласыздар.

1. «Алты алаштың ардағы»: Райымжан Мәрсекұлы – Тарих ғылымдарының докторы, алаштанушы Смагулова Светлана Одепқызымен онлайн кездесу 

2. «Шекараны шегендеген Ермеков»: Әлімхан Әбеуұлы Ермеков - Еуразия гуманитарлық институтының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Өскембаев Канат Сәдуақасұлымен онлайн кездесу -   

3. «Рухы биік тұлға» Жакып Акбайұлының 145 жылдығына" - Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінің жоғары дәрежелі маманы Анар Маратқызы Төлеубаевамен онлайн кездесу

4. «Алаш аманатына адалдық» - Ермұхан Бекмаханұлы - тарих ғылымдарының доценті, ҚР БҒМ ҒК, Мемлекет тарихы институтының директордың орынбасары Қашқымбаев Амангелді Нұркейұлымен онлайн сұхбат.

5. "Әлихан Бөкейхан - Қазақ елі мен жерінің тұтастық рәмізі" "ХХ ғасыр басындағы қазақтың "Алаш" ұлт-азаттық қозғалысының, партиясының және Аутономиялық Республикасының негізін қалаушы әрі саяси басшысы, Алаш Орда Бүкіл Қазақ-Қырғыз Халық Кеңесінің (Үкіметінің) төрағасы, ғұлама ғалым, педагог, көсемсөзші әрі аудармашы Әлихан Бөкейханның 155 жылдық мерейтойына арналған онлайн-конференция. Қатысушылар: «АЛАШ» ғылыми-зерттеу институтының директоры, алаштанушы ғалым Сұлтан-Хан Аққұлы, алаштанушы ғалым, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, филология ғылымдарының докторы, проф., ҚР ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы; алаштанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, проф. Сағымбай Жұмағұл; алаштанушы ғалым, доцент, алаш қайраткері Қошке Кемеңгерұлының ұрпағы Қайырбек Кемеңгер". - онлайн кездесу. 

 

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26326923
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102