homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВҚазақ жері – бірлік пен татулық мекені
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Қазақ жері – бірлік пен татулық мекені

Қазақстандағы Алғыс айту күні-ерекше мағына мен рухани қуанышқа толы мереке және оны бүкіл ел 1 наурызда атап өтеді. Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мерекеде Қазақстандағы өзге этнос өкілдері қиын-қыстау кезеңде құшақ жая қарсы алған кеңпейіл де қонақжай қазақ халқына алғыс айтады.

1 nayryzҚазақстан халқы бұл мейрамды алғаш рет 2016 жылы атап өтті. 2016 жылдың 14 қаңтарында елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін, яғни 1 наурызды Алғыс айту күні етіп жариялады.
Этностар арасындағы өзара түсіністік, қолдау және достыққа арналған кітап көрмесінде 1920-1950 жылдары халықтарды Қазақстанға депортациялаудың тарихи беттері, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы мен қызметі, Қазақстандағы әртүрлі этностардың мәдениеті мен дәстүрлері, адам бойындағы ең жоғары қасиеттер - мейірімділік, алғыс туралы баяндайтын кітаптар ұсынылады.
Көрменің мақсаты − өскелең ұрпақты төзімділікке, достыққа, бір-біріне құрметпен қарауға, сондай-ақ этносаралық келісім мен этникалық байланыстарды нығайтуға тәрбиелеу.
"Н. Назарбаев – этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің негізін қалаушы" атты кітапта Қазақстан халқы Ассамблеясын құруда елбасының атқарған қызметтері жөнінде баяндалған.
"Қазақстан халқы Ассамблеясы: алғашқы қадамдар (1995-1997жж.)", "Қазақстан халқы Ассамблеясы: Бір ел - бір тағдыр" құжаттар жинақтарында Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылуының құжатпен дәлме-дәл жазылған жылнамасы берілген. "Қазақстан: бірлік және келісім мекені", "Жерұйық", "Қазақстан - қарашаңырағым", "Қазақстан және Әлем" кітаптарында халықтың көпэтносты құрамының қалыптасу тарихы мен қазіргі жай-күйі туралы баяндалған.
«Бірлігі жарасқан біздің үй» фотоальбомы елімізде алғашқы болып Шығыс Қазақстанда ашылған Достық үйіне 20 жыл толуына байланысты арналып шығарылған.
Көрменің келесі бөлімінде Қазақстанға тарихи себептермен қоныс аударғандар тарихына арналған "Депортация тарихынан: Қазақстан 1930-1935" құжаттар жинағы, "Қазақстанға депортация тарихынан", А. Әубәкіровтың "Тау балалары", Н.Крутованың "Шығыс Қазақстан жеріндегі еврейлер" монографиясы сынды Шығыс Қазақстан тарихшыларының зерттеулері ұсынылған.
Көрме Қазақстандағы түрлі этностардың мәдениеті мен дәстүрлеріне арналған бөліммен аяқталады. Олардың әдет-ғұрыптары мен қолданбалы өнер жауһарларынан басқа, түрлі тілдерде алғыс айтуды үйренеді. Алғыс айту күні – бұл, әр-түрлі этнос өкілдерінің қасиетті қазақ жері мен қонақжай халқымызға алғысының белгісі, тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні десе де болады.
Сіздерді көрмеде күтеміз!

Байланысшы: Ошанқызы Мәулипа, тел. 261333

 

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26323831
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102