homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВӘз Наурыз – жылулық пен мейірімділік мерекесі
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Әз Наурыз – жылулық пен мейірімділік мерекесі

А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана 2021 жылдың 14 наурызынан бастап оқырмандарға Ұлыстың Ұлы күніне арналған «Әз Наурыз – жылулық пен мейірімділік мерекесі» атты кітап көрмесін ұсынады.  Күн мен түннің теңеліп, табиғаттың қайта жаңғыратын ерекше сәтінде түркі халықтары Әз Наурыз мейрамын тойлап, Жаңа жылын қарсы алады. Наурыз – бірлік, татулық, ізгілік мерекесі.

naur 1 3Бұл күні адамдар бір-біріне жақсы тілек тілеп, құттықтап, кешірімді болып, жанға жылу сыйлайтын адамгершілік қасиеттер дәріптеліп, өскелең ұрпақ осындай жақсы өнегеден үлгі алады. Наурызды мерекелеудің әрбір күнінің өз атауы бар – «Көрісу күні», «Шежіре күні», «Жайлау күні», «Шымырлық пен шеберлік күні», «Зияткерлік күні», «Ұлттық тағамдар күні»... . Міне, осындай мерекелік көңіл-күйді кітап көрмесінде ұсынылған әдебиеттерді парақтай отырып жалғастыруға болады. Көрменің «Наурыз дәстүрлері» бөліміндегі Омар Хайямның «Наурызнама», С. Ерғалидың «Нау мен ырыс», «Магия Навруза» кітаптары Наурыз мерекесінің шығу тарихымен таныстырса, Н. Ақбайдың «Қазақтың дәстүрлі атаулары», «Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» еңбектері мейрам кезіндегі әдет-ғұрыптар туралы толық мәлімет береді. Ел арасында ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлер жайында мол мағлұмат беретін С. Кенжеахметұлының «Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары», Қ. Бегмановтың «Халқы мықтының – салты мықты», «Ағаш бесіктен жер бесікке дейін», Х. Арғынбаевтың «Қазақтың отбасылық дәстүрлері» шығармаларының өскелең ұрпақ бойында бабадан қалған асыл мұраны қастерлеуге тәрбиелеуде маңызы зор. Ал қонақжай naur 1 1қазақ халқының ұлттық тағамдары мен оларды даярлау тәсілдеріне арналған С. Кенжеахметұлының «Қазақтың дарқан дастарқаны», жерлес жазушы К.Сегізбайұлының «Қазақы дастарқан» еңбектерін «Даланың дарқан дастарханы» бөлімінен табуға болады. Көрменің «Шымырлық пен шеберлік» бөліміндегі «Әлемдік және ұлттық спорт ойындары», «Қазақ балуандары», «Қазақша күрес», «Атсайыс ойындары», М. Шотаев, С. Ақназаровтың «Таңғажайып тоғызқұмалақ» жинақтары ұлттық спорт ойындары, белгілі спортшылар туралы қызықты деректер беріп, салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысуға дәріптейді. Қазақтың қолданбалы өнерінің тарихы, көздің жауын алатын бұйымдардың жасалу техникасы жайында сыр шертетін Л. Әденова, Т. Қожағұловтың «Зергерлік өнер нақыштары», Ш. Тоқтабаеваның «Қазақтың киізден бұйым жасау өнері», «Киелі кимешек» кітаптары «Қазақтың қолданбалы өнері» бөліміне жинақталған. Сондай-ақ, көрмеден «Сөз мәйегі», «Қазақтың бұрынғыдан қалған сөзі», «Қазақ мақал-мәтелдері», «Қазақ жұмбақтары» және басқа да сөйлеу мәдениеті, ақыл-ойды дамытатын, халық даналығы саналатын әдебиеттер мен Шығыс данышпандары Махмұд Қашқари, Омар Хайямнан бастап қазақтың ұлы тұлғалары naur 1 7Абай Құнанбайұлы, Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Сәкен Сейфуллиндер мен т.б. белгілі ақын-жазушылардың әз Наурызға арналған шығармаларымен де танысуға болады.
Құрметті өскемендіктер және қала қонақтары! Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтай отырып, кітапханамыздың қонағы болып, мерекеге арналған кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз.
Байланысшы: Жанұзақова Райхан

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26057625
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102