Біздің кітапханашылар: Раимханова Риза
- Толығырақ
- Құрылды 16.03.2021 15:12
Біздің әріптесіміз Раимханова Риза Асылғазықызы ҚР Ұлттық кітапханасы мен ШҚО кітапханашылар қауымдастығының «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгісімен марапатталды.
Риза Асылғазықызы - еңбек жолын Қалғұты ауылдық кітапханасынан бастап 42 жыл еңбек етіп, ауылдық кітапхана жұмысының өсіп өркендеуіне зор үлес қосты. Ауыл кітапханаларына инновациялық жұмыстар енгізу үшін ұйымдастырушылық және көшбасшылық қасиеттерге ие, өз ісін жетік білетін тәжірибелі маман болды.
Облыстық кітапханашылардың өлкетану бәйгесіне қатысып «Отаным менің туған жер» атты 1 орынды жеңіп алды. 3 оқырманы ынталандыру сыйлықтарына ие болды. Риза Асылғазықызы жұмыс атқарған кезде «Сөз маржаны», «Поэзия» клубы жақсы жұмыс істеп оқырмандарды көптеп кітапханаға тартты. Сонымен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене қатысты. Қалғұты ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы болды. Бірнеше рет ауылдық депутаттығына сайланды. Жылма жыл өтетін ауылдық көркемөнерпаздар үйірмесінің белді мүшесі. Көптеген марапаттауларға ие болды. 2014 жылы Францияның Лион қаласында өткен кітапханашылардың кәсіби конференциясына (ИФЛА- https://www.ifla.org/) Қазақстан бойынша алғаш рет ауылдық кітапханадан қатысты. Риза Асылғазықызы өз кәсібіне деген сүйіспеншілігімен кітапхана жұмысын дамытуға және жетілуіне айтарлықтай үлкен үлес қосты.
Байланысшы: Ашкенова Жансая
Байланыс тел.: 26-13-33
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26051582
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы