«Бақытты алыстан іздеме, ол әрдайым қасыңда»
- Толығырақ
- Құрылды 29.03.2021 09:11
29 наурыз сағат 15:00-де кітапхананың қоғам қайраткері, бизнесвумен, «Болашақ» қайырымдылық қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы, Қазақстанның 100 жаңа есімі жобасының жеңімпазы, «SuperҚыз» жобасының авторы Динара Чайжунусовамен @pushkinlibrary парақшасында онлайн кездесу өтті.
Динара Чайжунусованың өмірі әртүрлі шараларға толы, ал негізгі қызметтің орталығында балалар еді. Динара қандай жобаларды жүзеге асырса да, барлығының бастауында – балалар болды, олардың бақыты, білім алуы, өздерін дамытуы.
Динараның рухани қоймасы балалардың нәзік жан дүниесін түсінуге ықпал ететіндей. Ол өзінің бір сұхбаттарында жақсылыққа, адамдарға сенетінін айтады; ол адам бойындағы адалдық пен әдептілікті жоғары бағалайды. Бір жағынан, оның бойында балалықтың белгілері бар, екінші жағынан, ол үш баланың анасы.
Кездесу Қазақстандағы балалар кітабы апталығына арналады. Әңгіменің негізгі бөлігі қыздарға арналған «ЅирегҚыз» кітабына арналады. «ЅирегҚыз» әр дәуірдегі Қазақстанның көрнекті әйелдерінің 50 саласын қамтиды. Олар әртүрлі қызмет салаларының өкілдері: журналист, дәрігер, бүркітші, модель... Кітап қыз балаға өмірде өз жолын табуға көмектесіп, өзін ерекше тұлға ретінде танып, өзін және басқаларды құрметтеуге үйретеді. Тікелей эфирді мына сілтеме арқылы тамашалай аласыздар https://www.instagram.com/p/CM_3d2lHMMw/.
Байланысшы: Сачкова Юлия
Тел.: 26-13-33
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26323953
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы