«Езу тартар» сурет көрмесінің ашылуы
- Толығырақ
- Құрылды 30.03.2021 17:42
2021 жылдың 1 сәуірі күні сағат 15.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада жергілікті қылқалам шеберлерінің «Жаңғыру» шығармашылық бірлестігімен бірлесе ұйымдастырған «Езу тартар» атты сурет көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.
«Жаңғыру» шығармашылық бірлестігі 2019 жылы белгілі суретші жерлесіміз Құдаш Дәулетқанұлы Нұрсадықовтың бастамасымен жас таланттарды қолдау және аймағымыздағы бейнелеу өнерін дамыту мақсатында құрылған болатын. Қазіргі таңда шығармашылық бірлестік 25 суретшінің басын қосып отыр.
«Езу тартар» – қаламызда бұрын-соңды болмаған ерекше көрме! Жерлес суретшілердің сатира, шарж, карикатура жанрындағы еңбектерінің алғашқы көрмесі 13 қылқалам шеберінің шығармаларын халық назарына ұсынады. Көрме түрлі тақырыптарды қамтиды. Соның ішінде езуге күлкі үйіретін әріптестерге арналған шарж бен қазіргі таңдағы өзекті тақырыптарды баяндайтын картиналар ерекше назар аудартады.
Көрерменге үлкен эмоциялық әсер сыйлайтын, бірде қуантып, бірде ойға шомдыратын тамаша туындылар көрмесі 5 сәуірге дейін жұмыс істейді. Ал Желі қолданушылары кітапхананың Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасынан көрменің бейнешолуын тамашалай алады.
Баршаңызды ел назарын өзіне аударған картиналарды бірге тамашалауға шақырамыз!
Байланысшы: Кемешева Меруерт
Байланыс тел.: 26-39-46 (113)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26055979
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы