homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВКөркем әдебиеттің бала тәрбиесіндегі рөлі
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Көркем әдебиеттің бала тәрбиесіндегі рөлі

2 сәуір күні сағат 15.00 облыстық А.С. Пушкин кітапханасының https://www.facebook.com парақшасында Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, ақын Сәуле Досжанмен онлайн кездесу өтеді.

Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Досжан Сәуле Мағазбекқызы 1959 жылы 2 қыркүйекте Алматы облысының Ұйғыр ауданының Ақтам ауылында туған.
Қазақ Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетін, Орталық-Азия Университетінің заң факультетін бітірген.
Университет қабырғасында оқып жүргенде жас ақындардың «Аудитория», «Тоғыз перне», «Қарлығаш» жыр жинақтарына еніп, «Жігер» фестивалінде лауреат болып республикаға танылған.
«Егемен Қазақстан», «Қазақ тілі мен әдебиеті» газеттерінде, «Ұлағат» журналында және Қазақ радиосында ұзақ жылдар бойы қызмет істеді.
2003-2018 жылға дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратында жауапты қызмет атқарған.
Бүгінде зейнетте, таза шығармашылықпен айналысады. Сауле Досжанның туындылары әлемнің жеті тілдеріне аударылған.
2016 жылы ҚР ұлттық академиялық кітапханасы ұйымдастырған «ТӘУЕЛСІЗДІК. ӘДЕБИЕТ. ҚАЛАМГЕР» форумында «Үздік ақын» номинациясы бойынша жеңімпаз атанады. 2017 ж. «Open Eurasian Literature Festival & Book Forum-2017» (Швеция) «Мое чужое сердце» кітабы проза жанрынан үшінші орын иеленсе, ал 2018 ж. Астананың 20 жылдығына арналған «Ел тірегі – Елорда» жыр мүшайрасында бірінші жүлдені иемденген.
С. Досжан «Жыр тәж», «Үшінші есіктің құпиясы», «Жатқа туған бала», «Арман қала», «Үлкен үйдегі үрей», «Құдіретті қалам иесі», «Өгей жүрек», «Мое чужое сердце», «Сағыныш» атты кітаптардың авторы.
Сәуле Досжан соңғы кездері балалар әдебиетіне бет бұрып, сол салада қалам тербеп жүр.
Әдебиетшінің жуықта ғана жарық көрген балаларға арналған жаңа кітабы еліміздегі барлық аймақтың жас оқырмандарының сүйікті шығармасына айналып үлгерді. Бүгінгі таңда «Ауылдан шыққан миллионер» − қазіргі қазақ балалар әдебиетінің теңдессіз шығармаларының бірі. Қазіргі таңда жазушы Жақсылық Үшкемпіров жайында балаларға арналған романын жазу үстінде.
Кездесуде қаламгердің шығармашылығы, қиял-шабытты дамыту жолдары, қазіргі балалар әдебиетінің жағдайы мен көркем әдебиеттің балалар өміріндегі рөлі сондай-ақ жазушының соңғы кітабына енген жас кейіпкерлердің төңірегінде сұрақтар қойылып, қызықты әңгіме өрбитін болады. Баршаңызды салиқалы сұхбат тыңдауға шақырамыз!

 

Байланысшы: Шомбина Азия, тел.: 87051489755

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26330089
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102