Сәтті блог жүргізудің құпиялары
- Толығырақ
- Құрылды 15.04.2021 13:27
19 сәуірде сағат 17:00-де ZOOM платформасында қазақ тіліндегі алғашқы SMM агенттігінің негізін қалаушы Құралай Бауыржанқызымен онлайн кездесу өтеді. Кездесу Еуразия Қоры іске асыратын және АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) демеушілік ететін Орталық Азияның азаматтық қоғамын қолдау жөніндегі бағдарламаның гранты шеңберінде өткізіледі.
Құралайды әрдайым дамудың жаңа жолдары мен бағыттарын іздейтін жан-жақты тұлға деп атауға болады. Ол тележурналист, бас редактор, продюсер, копирайтер әрі сценарист. Сонымен қатар, Құралай Бауыржанқызы жеке блог жүргізудің көп жылдық тәжірибесіне сүйене отырып, көптеген авторлық курстар құрған. Құралай Instagram кеңістігінде практик-эксперт, жеке және клиенттік жобаларды аяққа тұрғызып, таныту барысында жұмыс жасап, желінің заңдылықтарын ұқтырды. Медиа саласындағы маман қазірдің өзінде еңбек пен табыстың көрнекті көрсеткіштеріне қол жеткізді.
Өзі сүйікті жар, үш баланың анасы бола отырып, Құралай @domalaq_ana онлайн-мектебінің негізін қалаушылардың бірі болды. Ол сондай-ақ қазақ тіліндегі алғашқы SMM агенттігін құрды, оның командасында кәсіби дизайнерлер, маркетологтар және копирайтерлер жұмыс істейді. Агенттік парақша жүргізу, жеке бренд дамыту, сатылым арттыру бойынша стратегия жасау қызметтерін атқарады.
Куралайдың шәкірттері мен клиенттері әлеуметтік желілерде миллиондап ақша табады, сондықтан сәтті блогтың формуласын білу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Егер сіз Құралай Бауыржанқызымен кездесуге қатысқыңыз келсе, онда сіз тіркеу формасын алдын ала толтыра аласыз, онда сізді қызықтыратын тақырып пен сұрақты көрсетуге болады:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfcA8ahyHBsAuX8hitzr279UsG1DPXbsk-yMJEXCsQzGIOv8w/viewform?usp=sf_link
ZOOM конференциясына мына сілтеме бойынша қосылуға болады:
https://us02web.zoom.us/j/82610250413?pwd=R2NxV3dpalJRaGRGK3J1ejJEdG1IUT09
Конференции идентификаторы: 826 1025 0413
Код: smm
Байланысшы: Тайшыман Айгерим,
87753412716
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26045503
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы