"Мен жазған кезде, шындыққа сүйенемін" онлайн - кездесу
- Толығырақ
- Құрылды 19.04.2021 09:03
23 сәуір күні сағат 11.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада жазушы, ақын, журналист, мәдениеттанушы, 2017 жылғы "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпазы Юрий Серебрянскиймен ZOOM платформасында онлайн кездесу өтті. Бұл кездесу Дүниежүзілік кітап күніне орай ұйымдастырылып отыр.
Юрий Серебрянскийдің әдебиетке барар жолына келсек: ол бала кезінде өте көп оқыды, соның ішінде балалардың қабылдауына қиын кітаптар да болды; 20 жастан бастап әртүрлі оқиғаларды, кейіпкерлерді, адамдарды жаза бастады. Алайда, ол эколог-химик мамандығы бойынша білім алды. Біраз уақыт қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар министрлігінде, сондай-ақ, БҰҰ даму бағдарламаларында халықаралық экологиялық заңнаманың сарапшысы ретінде жұмыс істеді. Кейін журналистика және жеке кәсіпкерлікпен айналысты. Ольга Маркованың жетекшілігімен "Мусагет" қоғамдық қоры әдеби курстарының тыңдаушысы болды. Ольштын қаласындағы Варминск-Мазур университетін мәдениеттанушы, мәдениетаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірген.
Оның таланты Ресейде, Қазақстанда, Польшада бірнеше рет сыйлықтар және марапаттармен бағаланды.
«Книга о вкусной и здоровой казахстанской литературе» кітабы биылғы жылы "Бір ел – бір кітап" акциясының тізіміне енді. "Destination. Дорожная пастораль" повесі Абай атындағы ҚазҰПУ филология курсын оқыту бағдарламасына енгізілген. «Пражаки» повесі орыс тілінен "Светозар" атты оқушылардың ашық халықаралық олимпиадасы бағдарламасына енгізілген.
Байланысшы: Турсынбекова Жанна, Тел.: 87051363340
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26328753
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы