homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВТікелей эфир «Балалар әдебиеті жайлы бірер сөз»
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Тікелей эфир «Балалар әдебиеті жайлы бірер сөз»

31 мамыр күні, сағат 11.00-де «Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» іс-шаралары аясында Пушкин атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен жазушы, журналист, Есболат Айдабосын facebook @Есболат Айдабосын парақшасында «Балалар әдебиеті жайлы бірер сөз» тақырыбында онлайн сұхбат өткізеді.

Сұхбаттың мақсаты - қазіргі таңдағы өзекті мәселе болып отырған балалар әдебиетін дамыту мәселелері, осы бағыттағы шығармалардың жазылуы жайлы оқырманмен автор арасындағы ой бөлісу болып табылады.
Есболат Айдабосын «Сүлікқара», «Алтын сақа» атты балаларға арналған бірқатар прозалық шығармалардың авторы. Оның шығармалары балаларды шыншылдыққа, отаншылдыққа, айналаны аялап, табиғатпен үндесуге үндейді.
Есболат Айдабосын 1981 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ақтерек ауылында туған. 1998-2002 жж аралығында Абай атындағы АлМУ (ҚазҰПУ) филология факультетінде оқыды.
2003 ж. “Шаhар” ТРК жаңалықтар қызметінің тілшісі, “Бес күн” бағдарламасының жүргізуші-редакторы болып жұмыс істеді. Ал 2004 - 2006 ж.ж. аралығында “НТК” телеарнасының «Соңғы ақпараттар», “Түйін” бағдарламаларында, сондай-ақ, бас редактордың орынбасары қызметін атқарды. 2006 - 2012 ж.ж. Қазақстан ұлттық телеарнасында ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясында жұмыс істеді.
Әр жылдары қорытынды жаңалықтар мен «Апта-кз» , «Арнайы репортаж», «Өзекжарды» бағдарламаларында тілші, продюсер, комментатор, жүргізуші-редактор болып қызмет атқарды.
2012 жылдан бері әңгіме-хикаяттары мерзімді басылымдар мен әдеби порталдарда жарияланып келеді.
Қазақстан журналистер одағының мүшесі. Бірнеше әдеби байқаулардың жеңімпазы. «Алтын қалам», «Алтын тобылғы» әдеби сыйлықтарының иегері.

Баршаңызды онлайн сұхбатқа қатысып, ой бөлісуге шақырамыз.

Байланысшы: Аскерхан Ақтай
Тел.:8701183 00 84

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26328131
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102