homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«Ұлы Жеңіс жолында»
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Ұлы Жеңіс жолында»

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арнап А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы «Ұлы Жеңіс жолында» атты іс-шаралар бағдарламасын ұсынады.Өз еліңнің тарихын білу және ұрпағына бейбітшілік пен тыныштық сыйлаған батырларға деген құрмет пен ризашылық – бұл туралы әдеби көрмеде ұсынылған Бауыржан Момышұлы, Әзілхан Нұршайықов, Дмитрий Снегин, Дихан Әбілев, Жұмағали Саин, Мәлік Ғабдуллин және басқа да жазушылардың сұрапыл соғыс жылдарына арналған шығармалары әңгімелейді.

Ерлік сабақтары – ұшқыш-штурман, Кеңес Одағының екі мәрте Батыры, 1945 жылы 24 маусымда Қызыл Алаңдағы Жеңіс Парадына қатысушы, Қазақстан авиациясының генерал-майоры Талғат Бигелдиновтың «305 рейд» кітабында; Кеңес Одағының Батыры, «Халық Қаһарманы» атағының бірінші иегері, Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі, Қазақстан Республикасы Армиясының генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың «А в памяти нет тишины», «Лицом к огню», «Мой передний край», «От огненных лет до суверенной армии» естеліктер жинақтарында көрініс тапқан.
Қазақстандықтар екінші дүниежүзілік соғыстың барлық шешуші шайқастарына қатысты. Тарих ғылымдарының докторы П.С. Беланның «Казахстанцы в боях за Ленинград», «Казахстанцы в боях за освобождение Белоруссии и Советской Прибалтики. 1941-1945 гг.», «Казахстанцы в боях за свободу Украины и Молдавии», «Казахстанцы в боях на Волге» тәрізді еңбектерінде әкелеріміз бен аталарымыздың ерлікпен жүріп өткен жауынгерлік жолы сипатталады.
Ұлы Отан соғысы майданында 182 604 шығысқазақстандық жауынгер қайтпас ерліктің үлгісін көрсетті. Көрмеден сондай-ақ, майдангер жерлестеріміз Қасым Қайсенов, Әди Шәріпов, Тоқтағали Жангелдин, Александр Егоров, Менғали Мусин, Семен Анисимов және басқа да батырлардың кітаптары орын алған.
Соғыс уақытындағы қазақстандық тыл еңбеккерлерінің Жеңіске қосқан үлесі жайлы «Бессмертие подвига народа» = Халықтың өшпес ерлігі», «Бәрі майдан үшін! Бәрі жеңіс үшін!» = «Всё для фронта! Всё для Победы!», «Әр отбасының өз батырлары бар», «Ел тарихы адамдар тағдырында» т.б. кітаптарда баяндалған.
Жеңіс мерекесіне орай кітапхана оқырмандарды келесідей іс-шараларға қатысуға шақырамыз:
- «Майдан хаттары» виртуалды акциясы: жеңімпаз жауынгерлер ұрпақтары майданнан жазылған хат жолдарын оқи отырып, Ұлы Отан соғысының тарихын әңгімелейді және сол арқылы жас ұрпақтың 1941-1945 жылдардағы оқиғалардың кейіпкерлеріне деген құрмет сезімін қалыптастырады;
- «Жеңіс Диктанты» тарихи онлайн тест:
http://pushkinlibrary.kz/kz/tarihidiktant.html?view=quiz&quizId=9&task=quiz ;
- «Танк тарихы / История танка»: бейнероликтер сериясы: танктің 3D үлгілерін өздігінен құрастыру;
- «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы жекпе-жек сарайы»: бейнесаяхат;
- «В кругу друзей» клубының «Соғыс жылдарындағы әндер» онлайн-концерті.
Барлық іс-шараларды әлеуметтік желілердегі @pushkinlibrary аккаунтынан көруге болады.
Бағдарлама бойынша сұрақтарды WhatsApp 87052821127 немесе This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. е-поштасына жіберуге болады
Мерекелеріңізбен! Біз – есте сақтаймыз, мақтан тұтамыз, құрметтейміз!

 9 may6  9 may7 9 may8  9 may1 
 9 may2  9 may3  9 may4  9 may5
Байланысшы: Яна Абдеева

Байланыс тел.: 26-13-33

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26058007
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102