homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«Мың бір сөз» әдебиеттер көрмесі
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Мың бір сөз» әдебиеттер көрмесі

18 мамыр күні көрнекті ақын, публицист, лингвист, түркітанушы, дипломат, қоғам қайраткері, «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының көшбасшысы Олжас Сүлейменов 85 жыл толады. А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы мерейтой иесіне арналған «Мың бір сөз» әдеби көрмесін оқырманына ұсынады.

Олжас Сүлейменовтің алғашқы өлеңдері 1959 жылы танымал «Литературная газетада», ал «Арғымақтар» атты тұңғыш кітабы 1961 жылы жарық көрді. Алпысыншы жылдар ұрпағының өкілі ретінде О.Сүлейменов Роберт Рождественский, Андрей Вознесенский, Евгений Евтушенколармен жақын араласты. Сергей Довлатов та өзінің новеллалар жинағында Олжасты ерекше атап өтеді, ал Римма Казакова оған «Люблю тебя, товарищ мой Олжас» өлеңін арнады.
Көрмеде ақынның өмірбаяны, балалық шағы, студенттік жылдары, шығармашылық ізденістері жайлы естеліктер, әр жылдары жазылған өлеңдері берілген «Доброе время восхода», «Трансформация огня», «Мосты», «Қыш кітап», «Поэт красивым должен быть, как бог…», «Айналайын», «И в каждом слове улыбался бог…», «Шығармалар жинағы» кітаптары, және 1975 жылы алғаш рет басылып шыққан танымал «Аз и Я» зерттеу-шығармасы ұсынылған. БҰҰ-ның алты ресми тіліне аударылған «Антология современной казахской поэзии» басылымына ақынның таңдамалы шығармалары енген.
О. Сүлейменовтің өлеңдері мен поэмалары ағылшын, француз, неміс, испан, чех, поляк, словак, болгар, венгр, моңғол және түрік тілдеріне аударылған. Көрмеден оқырман қауым ақынның ағылшын тіліне аударылған «Язык письма. Взгляд в доисторию – о происхождении письменности и языка малого человечества» еңбегін таба алады.
Көптеген белгілі зерттеуші, әдебиеттанушы, сыншылар Олжас Сүлейменовтің шығармашылығына өз еңбектерін арнады. Г.М. Мутановтың редакциясымен жарық көрген «Өнегелі өмір» сериясы басылымында ақынның көпқырлы қасиеті жан-жақты талқыланса, С. Абдуллоның редакторлығымен шыққан «Феномен Олжаса» жинағына ақын мен оның шығармашылығына арналған мақалалар, эсселер мен өлеңдер енген. «Мир Олжаса Сулейменова» алыс шетелдердегі ақынның шығармаларына жазылған рецензиялар, ғылыми мақалалар мен сұхбаттарға шолу жасайды. Уақыт сынымен тексерілген жарты ғасырлық достық – бұл туралы журналист, жазушы Геннадий Толмачевтің «Повесть об Олжасе» кітабы сыр шертеді.
Олжас Омарұлының көзқарасы, пікірі, дүниетанымы жайлы «Беседы с Олжасом», «Литература – это жизнь», «Вместе с Олжасом» басылымдары баяндайды. «Солнечное утро Олжаса Сулейменова» еңбегінде ақын шығармаларына сыни көзқарас берілген.
«Адамзаттың ақыны» дәрежесіне көтерілген, мемлекет және қоғам қайраткері, Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Омарұлын мерейтойымен құттықтай отырып, барша оқырмандарымызды ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған әдебиеттер көрмесімен танысуға шақырамыз.

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26058494
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102