Олжас Сүлейменовпен онлайн кездесу
- Толығырақ
- Құрылды 20.05.2021 16:25
Бүгін ҚР Ұлттық кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстанның Халық жазушысы, ақын, тілтанушы, саясаткер, Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Омарұлы Сүлейменовтің 85 жасқа толу мерейтойына арналған «Заманынан биік Ақын» атты онлайн шығармашылық кездесу кеші өтіп, еліміздің барлық өңірлерінің кітапханалары ақынды мерейтойымен құттықтады.
Кітапхана қызметкерлері республикалық онлайн-кездесуге қатысып, Шығыс Қазақстан облысының атынан атақты ақынды мерейтойымен құттықтады.
Алаш жұртын әлемге танытқан қарымды қаламгер, қоғамдық-саяси маңызды оқиғаларға әділ ой-пікірін білдіріп отыратын, ел бірлігін сақтауға зор үлесін қосып келе жатқан қайсар тұлға 18 мамырда 85 жасқа толған болатын.
Кітапхана директорының орынбасары Меруерт Емельбаева мерейтой иесін тікелей эфирде құттықтап, барлық оқырмандар атынан алғысын білдірді. Ақынның өлеңдері әртүрлі тілдерде оқылып, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенті Таңат Қасым жазушыға өз өлеңін арнады.
Олжас Сүлейменовке арнау
Ақыны ол қазақтың бетке ұстар,
Зеңгір аспан шырайлы көкке құштар.
Ядролық қаруға қарсы тұрған,
Бірінші адам емеспе көпке тұспал.
Жазушылық өлеңі басым көптен,
Сүлейменов шынымен асыл неткен.
Орыс тілді болсада жаны қазақ,
Ұлты үшін еңіреп жасын төккен.
Туылған күні болып кезі келіп,
Құттықтап бар алаштың сөзіне еріп.
Олжас Сүлейменов мың жасасын,
Жүре берсін көненің көзі болып.
Таңат Қасым
Бейнеқұттықтауды мына сілтеме арқылы тамашалай аласыздар : https://www.youtube.com/watch?v=GkPr5HjRsCQ
Байланысшы: Жансая Ашкенова; 87076405870
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26338668
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы