homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВӘке жүрегі таудан үлкен
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Әке жүрегі таудан үлкен

Биыл 20 маусымда атап өтілетін Халықаралық Әкелер күніне орай А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «Әке жүрегі таудан үлкен» атты интерактивті әдебиеттер экспозициясы ұйымдастырылды. Әкелер күні әлемнің 80-нен астам елінде кең ауқымда тойланады. Қазақстанда енді дәстүрге айналып келе жатыр.
Кітап көрмесінен орын алған түрлі басылымдар, көркем әдеби шығармалар, естеліктер отбасындағы әке ролін, бала мен әке арасындағы қарым- қатынасты баяндайды.

3Бала үшін әке-көшбасшы. Тарихшы Е.Садықовтың «Кунанбай» шығармасы Тобықты руының патриархы, қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың әкесі Құнанбай Өскенбаевқа арналған. М.Әуезовтың «Абай жолы» романындағы Абай, Құнанбай оброздары әке тұлғасының балаға үлкен үлгі екендігіне дәлел.

Ер-азаматтың болмысын, әке ретіндегі алатын орынын балаларының естеліктерінен көруге болады. Б. Әзірбаевтың «Кенен» атты еңбегін оқи отырып, әкенің балаға, баланың ата-анаға деген риясыз көңілін, жүрек лүпілін айқын сезінгендей боласыз. Қайымның Қайым болып қалыптасуына үлкен әсер еткен әкесі екені «Әке мен бала Мұхамадхан Сейітқұлов пен Қайым Мұхамедханов – отан патриоттары» жинағында айқын аңғарылады.Тақырыпты Б. Момышұлының 4"Ұшқан ұя" еңбегі, Б. Момышұлының "Во имя отца" және З. Ахметованың "Шуақты күндер" атты естеліктері жалғастырады. Атақты жазушы О. Бөкейдің «Бәріде майдан» әңгімесі әкесі Бөкейге арналған. Шығармадағы әкенің батырлығы, басына түскен қиындықтарға мойымай, қарсы тұрып жеңе білгені балаға үлгі болды. Бабадан атаға беріліп келе жатқан сабақтастық пен әке беделінің құдіреті Н. Кемешевтің «Әке мұрасына адалдық» еңбегінде көрініс табады.
Әкелердің бала тәрбиесіне араласуы баланың дамуына оң әсерін тигізеді. Р. Кийосакидің «8 уроков лидерства» және «Руководство Богатого папы по инвестированию» кітаптары сізге қаржылық стратегия туралы мәлімет береді. Психиатрия 10профессоры және жеті баланың әкесі С. Камарата өзінің «Воспитание без шаблонов: научитесь слышать своего ребенка» туындысында білімді, талантты балаларды қалай өсіру керектігі туралы бай тәжірибесімен бөліседі.
Ата-ананың әл-ауқаты мен балалар қауіпсіздігі тақырыбы Д. Кусаиннің «Salem, родители!» еңбегінде суреттеледі. Ал, ұлдарға арналған танымал «Будь лучшим» энциклопедиясы ересектермен және құрдастарымен дұрыс қарым-қатынас орнатуды үйретеді.
Жақсы әке жүз мұғалімі бар мектептен артық.Әкелер күні құтты болсын!

 

Байланысшы: Ошан М,
Телефон: 261-333

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26323953
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102