«Сырбаз жыр, сырлы өлең» ақын Мұратхан Шоқанмен кездесу
- Толығырақ
- Құрылды 25.06.2021 16:56
25 маусым күні А.С. Пушкин атындағы кітапханада Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мұратхан Шоқанмен кездесу өтті.
2001 жылы туған еліне оралып, «Маған көктем сыйлашы», «Жүрекке жүгіну», «Тазалыққа ұмтылу» сияқты жыр кітаптары арқылы оқырманның сүйіспеншілігіне бөленген ақын Мұратхан Шоқан өзіндік орны, қолтаңбасы, оқырманы бар қазіргі қазақ поэзиясының жарқын өкілі.
Мұратхан Шоқан 1974 жылдың 25 ақпанында ҚХР ШҰАР Тарбағатай аймағы Толы ауданы, Ақбелдеу ауылында дүниеге келген.
1994-1996 жылдары Шыңжаң университетін қазақ әдебиеті мамандығы бойынша білім алған. 1997-1998 жылдары туған ауылында мұғалім, (1998-2001) жылдары Толы аудандық мәдениет мекемесінде қызмет еткен. 2001 жылы Қазақстанға оралды.
Мұратхан Шоқан - Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. «Жиырманың жалыны», «Маған көктем сыйлашы», «Жүрекке жүгіну», «Тазалыққа ұмтылу», қатарлы жыр кітаптарының, «Жаратылыснама» атты философиялық кітаптың авторы. Жырлары ҚХР Бейжің ұлттық баспасынан шыққан «XX ғасыр әдебиет қамбасы» атты томға енгізілді. «Әлем бесік жырлары» атты ән альбомды қазақшаға аударды. «Тәуелсіздік жемісі», «Қытайдағы қазақ кәсіпкерлері» атты кітаптардың идеясының авторы әрі құрастырушысы.
Елге келгелі 2003 жылы «Қазақ әдебиеті», Жас қазақ» газетінде, «Жазушы» баспасында қызмет етті. Қазіргі таңда «Тұлға-Достық» қорының төрағасы.
Байланыс тел.: 26-13-33 (119)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26055979
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы