Кітапхана АРБАТТА
- Толығырақ
- Құрылды 01.07.2021 17:44
А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы қаламыздағы «Жастар орталығымен» бірге әріптестік байланысты нығайтып, жастарды оқуға тарту мақсатында кезекті шарасын жалғастырды.
Қалалықтардың сүйікті демалыс орнында домбыраның күмбірлеген үнімен интерактивті кітап көрмелері жұмыс істеп , әдеби экспресс-конкурстар мен викториналар өткізілді.
Кітапхана қызметкерлері мәдени акция аясында қалалықтарға шілде айының алғашқы жексенбісінде аталып өтетін ұлттық домбыра Күніне арналған ««Домбыра – асыл мұра» әдебиеттер көрмесін, балалар мен жастарға арналған қызықты басылымдардан көрме ұйымдастырып, кітапханада өткізілетін үйірмелер мен клубтар, сондай-ақ, ««Отбасыммен бірге оқимын» отбасылық оқу сайысы, "SUPER Б'АЛАҚАЙ!" онлайн-жобасы, жыл сайын өткізілетін «Кітап оқу көшбасшысы» байқауы туралы ақпараттармен бөлісті.
Шахмат, тоғыз құмалақ және басқа да үстел зияткерлік ойындары ойналып, сурет салу, Ализе Пуффи жібімен тоқыма тоқу, канзаши техникасында атласты ленталардан гүлдер мен әшекейлер жасау сияқты т. б. шығармашылық шеберханалар жұмыс істеді.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26055223
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы