Домбыра күніне арналған мереке
- Толығырақ
- Құрылды 02.07.2021 17:22
Қазақстан халқы 4 шілде 2020 жылы (шілденің алғашқы жексенбісі) Ұлттық домбыра күнін төртінші жыл атап өтеміз. Домбыра Күні «ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау және жаңғырту идеясы төңірегінде қоғамды одан әрі топтастыру" үшін енгізілді. Мерекелік бағдарлама 1 шілде күні «Домбыра – қазақтың үні!» желілік акциясынан басталады.
1 шілдеден бастап кітапхананың оқу залында «Домбыра – асыл мұра» атты әдеби экспозиция ашылады. Көрме материалдары оқырманға домбыра музыкасының тарихын баяндап, тақырып бойынша қызықты деректерді ұсынып, қазақтың ұлы әншілері мен музыканттарының шығармашылық өмірбаянымен таныстырады. Көрме жанынан «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі», «Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы» музыкалық антологияларынан аудиожазбалары мен түрлі мектептердің орындауында Құрманғазы, Тәттімбет, Қазанғап, Дина Нұрпейісова және т.б. сияқты бүкіл халыққа танылған майталмандардың күйлерін тыңдауға болады. Көрменің бейнешолуы кітапхана тобының Facebook парақшасына орналастырылады.
3 шілде күні Жамбыл Жабаев атындағы саябақтағы оқырмандардың «Dombra-перфоманс» патриоттық челленджі өтеді.
4 шілде мереке күні әлеуметтік желіде «Өнегелі сұхбат» айдарымен «Домбыра – халық мұрасы» суретші, ұлттық музыкалық аспаптар шебері, Қазақстан Мәдениет қайраткері, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, Қазақстан қолөнершілер одағының мүшесі Тұрдығұлов Жолаушымен онлайн сұхбатты ұсынамыз.
Уақыт өте келе, бәрі де өзгереді. Тек мәңгілік құндылықтар – халық дүниетанымы мен бірегей мәдениетін бейнелейтін адамның мінезі мен істері ғана мәңгілік. Ендеше, сүйікті халық аспабын құрметтеп, Ұлы даланың әуезді тарихын еске алып, домбыраның жан сырын бірге тыңдайық! Домбыра күнін бірге тойлап, Ұлы Даланың ұлттық аспабын бірге ұлықтайық, ағайын!
Анықтама тел.: 261-333 (ішкі 119)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26052435
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы