«Келешегі кемел, Нұр-Сұлтан!»
- Толығырақ
- Құрылды 02.07.2021 17:46
«Астанам! Ару қалам, асқақ ордам,
Қалың жұрт, қазағыма қақпа болған.
Ту ұстап, тұлпар мінген бабаларым,
Бермеген ел намысын жатқа қолдан»
(Қалқаман Сарин)
Отанымыздың брэндіне айналған Астана күніне орай А. С. Пушкин атындағы кітапханада «Келешегі кемел, Нұр-Сұлтан!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Аталған көрмеде Нұр-Сұлтан қаласының негізгі қалыптасу кезеңдері, Елбасының астананы көшіру және атауын ауыстыру туралы тарихи шешімі жайлы сыр шертетін кітаптар мен жинақтар орын алған.
Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстанның астанасы мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси жетістігімізді әлемге әйгілеп, еліміздің өсіп келе жатқан қуаты мен оның келешектегі даму әлеуетінің жоғары екендігін көрсетіп келеді. Қазіргі кезде астана – Қазақстандағы барлық оң бастамалар мен қайта құрулардың көшбасшысы. Астана дамуға серпін береді, республиканың барлық өңірлері үшін тартылыс орталығы болып табылады.
Көрмеге қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі кітаптар қойылған. Бұл еліміздің басты қаласының ежелгі Бозоқ қаласынан бүгінгі әлемнің ең әдемі астаналарының біріне айналған қаланың тарихын баяндайтын кітаптар. Көркемсуретті кітаптар Астананың көрікті жерлеріне арналған. Қаланың бас архитекторы – Н. Назарбаев. Елбасының есімі берілген қаланың дамуындағы оның рөлі экспозицияларда көрініс табады.
Н. Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде», «Қазақстан жолы», «Тәуелсіздік дәуірі» кітаптарында еліміздің негізі қаланған күннен бастап Елордамыздың қалыптасу кезеңдерінің тарихы егжей-тегжейлі баяндалған.
«Летопись Лидерства» басылымында Елбасының 30 жылдық қызметі туралы статистикалық ақпарат, оның маңызды тарихи сөздерінен үзінділер, шырайлы астанамыздың дамуына қосқан үлесі туралы анықтамалық және фотографиялық материалдар бар.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» деген атпен жарық көрген жинағына Мемлекет бас¬шысының елімізді да¬мыған елдердің қатарына қосу мақ¬сатымен қолға алған бастамалары және халықтың жарқын болашағы үшін жүзеге асырылатын жобалар туралы ой-пікірлері енгізілді.
Сәдібек Түгелдің «Астана - жерұйығы елімнің», «Астана хикаялары» кітаптары әсем қала Нұр-Сұлтан қаласының туу тарихының қалай басталғанын баяндайды. Ж. Жағыпарұлының құрастыруымен жарық көрген «Астана» еңбегінде 1994-2013 жылдар аралығында «Егемен Қазақстан» газетінде Елорда туралы жарияланған мақалалар, сұхбаттар, өлеңдер топтастырылған. «Астана архитектурасы» атты көркем безендірілген альбом беттерін парақтай отырып, Бас қаланың әсем де көрнекті орындарын тамашалап, олардың қалыптасу тарихымен таныса аласыз.
Нұр-Сұлтан қаласының көшелеріне Қазақстанның ұлы адамдарының есімдері берілген, олардың арасында жерлестеріміз – А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердіұлы, М. Әуезов, Қ. Мұхамедханов сынды шығыстан шыққан айтулы тұлғалар да бар.
Біздің жерлес ақын-жазушылар мен қоғам қайраткерлерінің арасында Елорданың өркендеуіне өз үлесін қосқан адамдар бар. Олар: Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұ. Есдәулетов, сондай-ақ Ә. Асқаров, ақын, филология ғылымдарының докторы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Ж. Аймухамбет. Кітаптармен бірге көрмеден жас астананың заманауи келбетін айқындайтын журналдар, фотосуреттер, очерктер мен мақалаларды да таба аласыздар.
Құрметті пайдаланушылар! Сіздерді сүйікті Елордамыз – Астана Күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Біздің мақтанышымыз, Отанымыздың жүрегі – ару Нұр-Сұлтанның жұлдызы әрқашан жарық болсын! Елордамыз қайталанбас келбетімен, көз тартар сұлулығымен және ұшқыр жаңашылдығымен баршамызды қуанта берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Мереке қарсаңында Сіздерді кітап көрмесіне саяхат жасауға шақырамыз!
Байланысшы: Ошан М.
Телефон: 261-333
«Астанам! Ару қалам, асқақ ордам,
Қалың жұрт, қазағыма қақпа болған.
Ту ұстап, тұлпар мінген бабаларым,
Бермеген ел намысын жатқа қолдан»
(Қалқаман Сарин)
Отанымыздың брэндіне айналған Астана күніне орай А. С. Пушкин атындағы кітапханада «Келешегі кемел, Нұр-Сұлтан!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Аталған көрмеде Нұр-Сұлтан қаласының негізгі қалыптасу кезеңдері, Елбасының астананы көшіру және атауын ауыстыру туралы тарихи шешімі жайлы сыр шертетін кітаптар мен жинақтар орын алған.
Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстанның астанасы мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси жетістігімізді әлемге әйгілеп, еліміздің өсіп келе жатқан қуаты мен оның келешектегі даму әлеуетінің жоғары екендігін көрсетіп келеді. Қазіргі кезде астана – Қазақстандағы барлық оң бастамалар мен қайта құрулардың көшбасшысы. Астана дамуға серпін береді, республиканың барлық өңірлері үшін тартылыс орталығы болып табылады.
Көрмеге қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі кітаптар қойылған. Бұл еліміздің басты қаласының ежелгі Бозоқ қаласынан бүгінгі әлемнің ең әдемі астаналарының біріне айналған қаланың тарихын баяндайтын кітаптар. Көркемсуретті кітаптар Астананың көрікті жерлеріне арналған. Қаланың бас архитекторы – Н. Назарбаев. Елбасының есімі берілген қаланың дамуындағы оның рөлі экспозицияларда көрініс табады.
Н. Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде», «Қазақстан жолы», «Тәуелсіздік дәуірі» кітаптарында еліміздің негізі қаланған күннен бастап Елордамыздың қалыптасу кезеңдерінің тарихы егжей-тегжейлі баяндалған.
«Летопись Лидерства» басылымында Елбасының 30 жылдық қызметі туралы статистикалық ақпарат, оның маңызды тарихи сөздерінен үзінділер, шырайлы астанамыздың дамуына қосқан үлесі туралы анықтамалық және фотографиялық материалдар бар.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» деген атпен жарық көрген жинағына Мемлекет басшысының елімізді дамыған елдердің қатарына қосу мақсатымен қолға алған бастамалары және халықтың жарқын болашағы үшін жүзеге асырылатын жобалар туралы ой-пікірлері енгізілді.
Сәдібек Түгелдің «Астана - жерұйығы елімнің», «Астана хикаялары» кітаптары әсем қала Нұр-Сұлтан қаласының туу тарихының қалай басталғанын баяндайды. Ж. Жағыпарұлының құрастыруымен жарық көрген «Астана» еңбегінде 1994-2013 жылдар аралығында «Егемен Қазақстан» газетінде Елорда туралы жарияланған мақалалар, сұхбаттар, өлеңдер топтастырылған. «Астана архитектурасы» атты көркем безендірілген альбом беттерін парақтай отырып, Бас қаланың әсем де көрнекті орындарын тамашалап, олардың қалыптасу тарихымен таныса аласыз.
Нұр-Сұлтан қаласының көшелеріне Қазақстанның ұлы адамдарының есімдері берілген, олардың арасында жерлестеріміз – А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердіұлы, М. Әуезов, Қ. Мұхамедханов сынды шығыстан шыққан айтулы тұлғалар да бар.
Біздің жерлес ақын-жазушылар мен қоғам қайраткерлерінің арасында Елорданың өркендеуіне өз үлесін қосқан адамдар бар. Олар: Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұ. Есдәулетов, сондай-ақ Ә. Асқаров, ақын, филология ғылымдарының докторы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Ж. Аймухамбет. Кітаптармен бірге көрмеден жас астананың заманауи келбетін айқындайтын журналдар, фотосуреттер, очерктер мен мақалаларды да таба аласыздар.
Құрметті пайдаланушылар! Сіздерді сүйікті Елордамыз – Астана Күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Біздің мақтанышымыз, Отанымыздың жүрегі – ару Нұр-Сұлтанның жұлдызы әрқашан жарық болсын! Елордамыз қайталанбас келбетімен, көз тартар сұлулығымен және ұшқыр жаңашылдығымен баршамызды қуанта берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Мереке қарсаңында Сіздерді кітап көрмесіне саяхат жасауға шақырамыз!
Байланысшы: Ошан М.
Телефон: 261-333
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26047251
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы