"Жанарымдағы әлем" жаңа кітаптың тұсаукесері
- Толығырақ
- Құрылды 17.09.2021 17:16
17 қыркүйек күні сағат 15.00 де А.С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасында жерлес журналист Жанаргүл Мұқатайдың «Жанарымдағы әлем» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Кездесуге өлке тарихына қызығушылық танытатын барлық оқырмандарымыз қатысты. Жанаргүл Көкенайқызы Мұқатай – отандық ақпарат айдынында аты белгілі кәсіби журналист, облыстық «Дидар» газетінің экономика бөлімінің редакторы. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары арасында өткен салалалық республикалық конкурстардың жеңімпазы.
Автор ширек ғасыр ішінде өңіріміздің өнеркәсібі, өндірісі, геологиясы, металлургиясы, бизнесінен бастап, облыс экономикасының түрлі салалары туралы, алтын бесік ауыл ахуалы, танымал тұлғалар, ел тарихынан сыр шертетін мақалаларын, әңгімелерін «Жанарымдағы әлем» кітабына жинастырған.
Кітаптың әр бөлімінде тағдыр мен тарих, аңыз бен ақиқат, өмір мен көңіл тоғысы орын алған. Тарихта аты қалған Жақабай мерген, Эверестті бағындырып, мәңгілік мұзға айналған альпинист қыз Екатерина, бейбіт күнде анасын жоғалтқан бала Жантөре, жер атаулары, тәркіден қашып, қырылған бір рулы ел мен Ермен әулетінің қилы тағдыры ешкімді бей-жай қалдырмасы анық.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26047251
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы