Қарттары көп ел - қазыналы ел
- Толығырақ
- Құрылды 01.10.2021 08:52
Біздің рухани құндылықтарымыз бен ұлттық байлығымызды, салт-дәстүрімізді сақтаушы – аға буын өкілдері. Қариялар - еңбексүйгіштік пен теңдесі жоқ табандылықтың бейнесі. Кітапхана алдыңғы ұрпақ өкілдеріне ерекше құрмет көрсете отырып, қарттардың бос уақытын қызықты әрі пайдалы өткізулеріне, немерелерінің бос уақытын дұрыс ұйымдастыруларына жағдай жасайды.
1 қазанда А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Халықаралық қарттар күніне орай мерекелік бағдарлама өтті. Мереке қонақтары үшін арнайы «Жүз жасаудың құпиясы» әдеби көрмесі ұсынылды.
Кітапханамызға үнемі көмек қолын созып қолдау көрсетіп жүретін еріктілері «Кітапханамыздың күміс еріктілері» атты «Birgemiz» еріктілерінің республикалық фронт-офисі мен кітапханамыздың бірлескен алғыс хаттарымен марапатталды.
Кітапхана оқырмандары мен «В кругу друзей» клубының мүшелері алтын жастағы оқырмандарымыз мерекеге ерекше көңіл-күй сыйлап, ән-шашуларын тарту етті.
Зейнеткерлікке шыққаннан кейін кәсібін ауыстырып, жаңа білім мен дағдылар үйреніп жүрген қызықты адамдармен «Өзім жайлы сыр: айналысқан ісімді ауыстыру» бейнесұхбаттар сериясымен кітапханамыздың Ю-туб арнасы мен фейсбук, инстаграм парақшаларында таныса аласыздар.
Ал, «Перезагрузка» клубы алтын жастағы оқырмандарымызға компьютерлік және интернет-технологиялар тілін меңгеретін курстар мен, ағылшын тілін үйрену курсын ұсынды.
Қонақтарымыз «ДАСТАРХАНfest» фестиваліне қатысып, ұлттық тағамдар жәрмеңкесіне қатысып, дегустация жасап, мастер-класстарға қатысты.
Байланыс тел.: 26-39-46 (119)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26334105
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы