Орда құрар «Ordagen»: онлайн-кездесу
- Толығырақ
- Құрылды 08.10.2021 15:32
Балалар әдебиетін қолдау жылына байланысты 13 қазан күні сағат 15.00-де А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапханасы @Ordagen.kz инстаграмм парақшасында «Ordagen» балаларға арналған ертегілер жобасының жетекшісі Танен Парасат Жамағатұлымен онлайн-кездесу өтті.
Жастарды тәрбиелеу және оларға білім беру – бүгінгі күннің басты міндеті. Себебі жастар-еліміздің болашағы. Ал Болашақ бүгіннен басталады!
Ordagen-баланы ерте жастан тәрбиелеуге шешім қабылдаған жалғыз жоба. Бұл біздің ертегі, аңыз, әңгімелерге жаңа тыныс беретін, ұлттық, адами, танымдық құндылықтарды бір арнаға тоғыстырып, дұрыс пен бұрысты ертегі арқылы рет ретімен баланың санасына жеткізуді мақсат тұтқан заманауи жоба.
Ordagen – балаларға арналған ертегілерді қамтитын, сол ертегілердің аудио нұсқаларын әрі мультфильмдерін шығаратын танымдық жоба.
Ғылымда, білімде, қоғамда болып жатқан өзгерістерді түгелдей ордаген ертегілері арқылы жеткізілген.
Ordagen арқылы баланың ой-өрісі дамиды, көкжиегі кеңейеді, жақсы мен жаманды ажырата біледі.
Ең бастысы бала балалықтан алыстамайды, қазақ болады. YouTube-тағы өзге ұлттың мағынасыз видеоларына телміріп отырмайды.
Мақсаты: “Ел болам десең, бесігіңді түзе”-ге саяды. 20-30 жылдан кейін орда бұзатын емес, орда құратын ұрпақ тәрбиелеу үшін “Ordagen” деп аталған. Яғни "орда" және "ген" деген сөздерден туған. Мұндағы "gen", яғни "generation" деген “жасөспірім” деген сөз.
Мұндағы ертегілер – заманауи. Бұрынғы аюлар мен қасқырлар жоқ. Мұнда Instagram, Tik-tok, телефон, macbook, роботтар бар. Бұл – бір.
Екіншіден, өзгертілетін ертегілер де қамтылған. Мәселен қызыңыздың есімі – Анар. Ол таңертең ұйқыдан оянғанда шашын таратпай қашып жүруі мүмкін. Соған байланысты бір ертегі бар. Негізінен ертегідегі кейіпкердің есімі – Қарлығаш. Алайда сіз «адамның атын өзгерту» деген тетікті басып, Анар деп өзгерте аласыз. Сонда Қарлығаш деген есімнің бәрі түгелдей Анар деп өзгереді. Ертегі тікелей сіздің балаңызға арналғандай болады.
Жобада 500-ден астам ертегі бар. Оның 100-і өзге ұлттардың үздік деген ертегілерінен аударылған, тағы 100-і фэнтези жанрында, 300-ден астамы заманауи, еш жерде жоқ ертегілер. Ертегілер қатары күннен-күнге толығуда.
«Ordagen» жобасында қазақ, қырғыз, өзбек тіпті Африка, Оңтүстік, Солтүстік Американың ертегілерін де кездестіре аласыз.
Байланысшы: Құдайбергенова Н.К.
Тел.: 87055412525
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26338002
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы