homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«Қазақ күй өнерінің ұлы тұлғасы»: онлайн-концерт
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Қазақ күй өнерінің ұлы тұлғасы»: онлайн-концерт

15 қазан күні сағат 15.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана күйші-домбырашы, Қазақстанның халық әртісі Қаршыға Ахмедияровтың туғанына 75 жыл толуына орай «Қазақ күй өнерінің ұлы тұлғасы» атты онлайн-концерт өтті.

Шарада Шығыс Қазақстан облыстық Байжігіт атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің бас дирижері, әрі көркемдік жетекшісі Шалқар Рысхановтың жетекшілігімен «Жігер» домбырашылар ансамблі өз өнерлерін ұсынды.
Қаршыға Ахмедияров ұстаздық қызметінде жас өнерпаздарды күй өнеріне баулып, домбыра тартудың қыр-сырын үйретті, өзінің дәстүрлі мектебін қалыптастырды.
Қаршыға Ахмедияров қазақтың асыл мұрасы - күйшілік дәстүрді насихаттауға, дамытуға, күй өнерін зерттеуге көп үлес қосты. Махамбет күйлерінің шығу тарихын зерттеп қана қоймай, нотаға түсірді. Оның орындаушылық шеберлігіне шетелдік көрермендер талай рет тәнті болды. Әйгілі күйшінің өнеріне АҚШ, Жапония, Франция, Куба, Швеция, Италия, Финляндия, Үндістан, Швейцария, Норвегия, Польша, Португалия, Чехия, Венгрия, Йемен, Ангола және басқа да көптеген елдердің көрермендері ықыластана қол соқты.
Қ.Ахмедияров дарынды домбырашы, дәулескер күйші ғана емес, композитор ретінде де жұртшылыққа кең танымал болды. Оның “Шашақты найза, шалқар күн”, “Шынар”, “Табыну” атты күйлер жинағы елден лайықты бағасын алды. Қаршыға Ахмедиярұлы - “Нарын”, “Қуаныш”, “Сағыныш”, “Атамекен”, “Атырау”, “Ақ қайың”, “Желдірме”, “Қайран әке”, “Жырау”, “Ғазиза”, “Қазанғап Ақжелең”, “Шамғон Ақжелең”, “Раушан гүлім”, “Би”, “Алтын ұя”, “Шабыт”, “Елбасы”, “Нұрғиса”, “Құрдастар”, тағы басқа бірнеше белгілі күйлердің авторы.
Онлайн концертке қатысушы «Жігер» ансамблі - Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің түлектері, жетекшісі Шалқар Рысханов. Оқу орнында оқитын оқушылар ұстаздардың шығармашылық ізденістерін сәтті жүзеге асыра отырып, ансамбльдер құрып, өнерлерін жан жақты көрсетуде. Өңірімізде өтетін мәдени шаралардың көптігіне дерлік атсалысып, одан тыс жерлерде де ұлттық өнерді паш етіп келеді.

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26323025
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102