homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВҚобыз сарынымен сырласқан...
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Қобыз сарынымен сырласқан...

19 қараша күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада шығыс өңірінен шыққан тұңғыш қобызшы әйел Қарагөз Болатовамен «Қобыз сарынымен сырласқан...» атты кездесу өтті. Қаракөз Болатовамен кездесуге, қобыздың әсем әуенін тыңдауға өнерсүйер қауым жиналды.

Karakoz BolatovaҚарагөз Әбдікеқызы –Күршім ауданының тумасы. Саналы өмірін туған өлкесінің мәдениетін дамытуға үлес қосқан өнерпаз қыздың тағдыры мен шығармашылығына қызығушылық танытатын оқырмандар баршылық.

Жасынан өнерге жақын өскен қыз ағасының ақылымен 1964 жылы Семейдегі Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училищенің қобыз сыныбына оқуға түседі. Зерек қыз училищеге алғаш түскенде-ақ нота білмесе де, қобызда бірден ойнап кетіп ұстаздарын таңқалдырса керек. Қасиетті де киелі қобыз аспабын өміріне серік қылған Қарагөз Әбдікеқызы Күршім, Марқакөл, Зайсан, Ұлан аудандарының мәдениет саласында еңбек етті. Сегіз қырлы, бір сырлы өнерпаз Қарагөз Әбдікеқызы оркестрде қобызда ойнаса, ән айтып, спектаклдерде басты ролдерді сомдады. М.Әуезовтің «Қарагөз» спектаклінде Қарагөзді, «Махаббат машақаты» дейтін спектакльде Тегене ханымның, «Дауылдан кейін» қойылымында мұғалиманың, Қалтай Мұхамеджановтың «Қуырдақ дайын» атты комедиясында Әлима атты кейіпкердің образдарын сәтті шығарып ел есінде. Зайсан, Күршім аудандары өнерпаз ұжымдарының Халық театры атағына қол жеткізуде Қарагөздің қосқан үлесі мол.

Бүгінде Қайсенов кентінде тұрып жатқан өнерпаз жан әлі де өнерден алыстаған жоқ. «Шеше көрген тон пішер» дегендей анасынан қалған тігін өнерін жалғастыруда. 

bulatova bulatova7 bulatova2 bulatova5 bulatova1
 bulatova3  bulatova8  bulatova6  bulatova4  

 

 

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26325520
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102