homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«Қаһарман қыз - Сәбира»: Сәбира Мұхамеджанованы еске алу кеші
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Қаһарман қыз - Сәбира»: Сәбира Мұхамеджанованы еске алу кеші

10 желтоқсан сағат 15.00-де А.С. Пушкин атындағы кітапханада Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығы, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Қаһарман қыз - Сәбира» атты желтоқсан құрбаны болған Сәбира Мұхамеджанованы еске алу кеші өтті.

1986 жылы 17 желтоқсанда  өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «бұзақылар», «ұлтшылдар», «нашақорлар» деген кінә тағылып, зәбір көрсетілген болатын.
Сол оқиғаның алғашқы құрбандарының бірі біздің Сәбирамыз, яғни, Мұхамеджанова Сәбира Есімбекқызы еді.
Сәбира Мұхаметжанова 1985 жылы сегіз жылдық мектепті үздік бітіріп, бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлайтын оқу орнына студент болып қабылданды. Ол Алматыдағы жастар шеруін жұдырықтай жүрегімен қолдап, Өскемен қаласының көңілі ашық, көкірегі ояу студенттерімен бірге Ушанов алаңына қарай ән айтып, шеру тартты. Өскемендегі Сәбира оқыған колледж жиналысында Сәбираны айыптап, тәртіпсіз деп бағалаған. Сөйтіп, бар-жоғы 16 жастағы албырт жас жатақхананың өзі тұратын бөлмесінің терезесінен секіріп қыршынынан қиылды.
Еске алу кешінің басты мақсаты – бүгінде 30 жылдығын тойлап отырған ел Тәуелсіздігіне қандай жолмен және кімдердің ерлігінің арқасында жеткеніміз жайлы жастарға айтып жеткізу.
Іс-шара Сәбира Мұхамеджанованың мектептегі, училищедегі өмірі, Желтоқсан оқиғасына қатысты көрген қорлығы, оның отбасының, жақын-туыстарының тартқан азабы, шеккен мехнаты турасында болмақ.
Шара қонақтары: 1986 жылғы жастар толқуына қатысқан желтоқсаншы жерлестеріміз – ШҚО «Желтоқсан – 86» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Рамазанов;
- желтоқсан оқиғасын өз көзімен көрген «Желтоқсан қаһарманы» - Оспанова Жанар Көншіқызы;

- Амангелді Сәбетханұлы Сәбираның курстасы;

Дарыбева Раушан Қырықбайқызы - Шәкәрім атындағы №1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Сәбираның курстасы;

Балқиянова Майгүл Тарбағатай ауданы, Ақмектеп ауылы, Ақмектеп орта мектебінің мұғалімі, Сәбира Мұхамеджанованың сыныптасы;

- Төлеубаева Жаңыл Жүнісқызы, Тарбағатай ауданы, Маңырақ орта мектебінің тәрбие оқу ісінің меңгерушісі, Сәбира Мұхамеджанованың ауылдасы.

Шара барысында Шәкәрім Құдайбердиев атындағы №1 орта мектебінің оқушысы «Желтоқсан желі» әнін орындады.Нұр – Сұлтан қаласында тұратын Сәбираның анасы жағынан туысы Хамзина Бақытгүл Сәбира туралы естелігін бейнежазба арқылы жолдады. Шара соңында қатысушылар Сәбира Мұхамеджанованы бір минут үнсіздікпен еске алды. Ал Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай «Елім менің» әнін барлығы бірге шырқады.
Қазақтың батыр қызы Сәбира Мұхамеджанова 35 жылдан кейін ақталды. Бүгінде Сәбира Мұхамеджанова атында көше бар. Сәбира қандай құрметке де лайық. Ол көптің бірі емес, Желтоқсанның нағыз құрбаны, нағыз батыр қыз. Иә, батыр қызды ұлықтау шаралары алдағы уақытта жалғасын таба береді деген ойдамыз. Тәуелсіз жастары барда Мұхамеджанова Сәбира Есімбекқызының есімі мәңгілікке ұмытылмақ емес.
Сондай-ақ, кітапханаға келушілер Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына, Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналған ауқымды «Сындарлы 30 жыл – 30 асу» атты әдебиеттер көрмесімен танысты.

 

Kaharman qyz Sabira Kaharman qyz Sabira 1 Kaharman qyz Sabira 2 Kaharman qyz Sabira 3 Kaharman qyz Sabira 4
Kaharman qyz Sabira 5 Kaharman qyz Sabira 6 Kaharman qyz Sabira 7 Kaharman qyz Sabira 8 Kaharman qyz Sabira 9
Kaharman qyz Sabira 10 Kaharman qyz Sabira 11 Kaharman qyz Sabira 12 Kaharman qyz Sabira 13 Kaharman qyz Sabira 14

 


Байланысшы: Құдайбергенова Н.К.
тел.: 26-13-33

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26333434
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102