homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«Алаш көсемі» комикс-альбомының презентациясы
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Алаш көсемі» комикс-альбомының презентациясы

2021 жыл елімізде елеулі даталарға толы болды. Оның бірі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы болса, енді бірі Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның 155 жылдығы еді. Осыған орай 29 желтоқсан күні сағат 15.00-де кітапхананың ұйымдастыруымен қаламызда алғаш рет, дарынды балаларымыздың шығармашылығы аясында жарық көрген «Алаш көсемі» комикс-альбомының тұсаукесері өтті.

Комикс-альбомның авторы, Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінің 7-сынып оқшысы Асыл Сұңғатқызы. Жоба жетекшісі республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің ШҚО бойынша тілшісі Мерей Қайнарұлы.
Комикс альбомда Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның өмір жолына қысқаша шолу жасалған. Ақпарат заманы болғандықтан, альбомның мәтіндері де ықшамдалып алынды. Кез-келген оқырман аз уақыттың ішінде комикс альбомды парақтап шығып, ұлт үшін құрбан болған Алаш ардақтысының өмір жолымен танысып шығуға мүмкіндік алады.
Қолға қалам, қарындаш алмас бұрын, Алаш Орда туын тіктеген Әлихан Бөкейханның өмір жолымен, ел үшін еткен еңбегімен танысып шықтым. Әлбетте, өмірін ұлтына арнаған тұлғаның өмірбаянын, жүріп өткен жолын шағын альбом арқылы жеткізу мүмкін емес. Десе де, мынау заманда оқырманға қандай да ақпаратты шағындап, суретпен беру тиімді ме деп ойлаймын, – дейді жоба авторы Асыл Сұңғатқызы.
Жоба мақсаты – комикс жанры арқылы кейіпкерді оқырман қауымға басқа форматта таныстыру еді. Тырнақалды туындының алдағы уақытта жалғасы болары анық.

           
komikc 1 5 komikc 1 2 komikc 1 12   komikc 1 7 ko1
komikc 1 7 komikc 1 9 komikc 1 4      

 Байланыс тел.: 26-13-33 (119)

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26048791
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102