«Кітап сыйла» акциясы
- Толығырақ
- Құрылды 02.02.2022 14:27
"Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті.
Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік"
Ғабит Мүсірепов.
Кітап – білім мен даналық көзі. Кітаптар арқылы сіз әлемді аралап, керемет оқиғаларды біле аласыз. Кітап оқуға ғана емес, өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі тәрбиелеуге шақырады.
Бүгінгі таңда Кітап сыйлау дәстүрі бұрынғыдан да өзекті. Сондықтан 2012 жылдың 14 ақпанында "Халықаралық кітап сыйлау күні" мерекесі пайда болды. Оны бастамашысы АҚШ азаматы, балаларға арналған «Delightful Children’s Books» сайтының негізін қалаушы Эмми Бродмур болды.
Көп балалы ананың бастамасын бірінші болып оның таныс блогерлері, әлеуметтік желілердегі достары, іскер серіктестері қолдады. Кейінірек әртүрлі мемлекеттердің тұрғындары ерекше идеяны қабылдап, ол бүкіл әлемге тез таралды. Бірлескен күш-жігердің нәтижесінде пайда болған Халықаралық кітап сыйлау күні оқуды, көкжиегін кеңейтуді, талантты жазушылар ойлап тапқан ғаламдарға саяхаттауды білетін және жақсы көретін барлық адамдар үшін ерекше мереке болды.
14 ақпанда кітаптарды, әсіресе балаларға мүлдем тегін сыйлау дәстүрге айналған. Өйткені, кітап адамның бойында жанашырлық, мейірімділік, мұқтаждарға көмектесу сияқты қасиеттерді дамытуға көмектеседі.
Құрметті оқырмандар, өскемендіктер, өзіңіз оқыған және өзгелермен бөліскіңіз келетін кітаптарыңыз болса, біз оларды ризашылықпен қабылдаймыз.
Сіздің кітаптарыңыз жаңа оқырманын табады. «Кітап сыйла» акциясы ақпан айы бойы өтеді.
Байланыс тел.: 26-13-33 (119)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26322668
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы