«Туған елім» әндер жинағының тұсаукесері
- Толығырақ
- Құрылды 04.02.2022 09:41
9 ақпан күні кітапханада жергілікті композитор Маржангүл Маниярованың «Туған елім» әндер жинағының тұсаукесері өтті. Әндер жинағына туған жері өр Алтайдың таңғажайып әсем табиғатын бейнелі теңеулер, көркем тілмен жырлап өткен ақын Ақтан Нұрбаевтың өлеңдеріне жазылған әндер енгізілген.
М. Маниярова – 1955 жылы Катонқарағай ауданының Белқарағай ауылында дүниеге келген. Ең алғашқы әнді студент кезінде М. Мақатаевтың «Ей, өмір» деген өлеңіне жазады. Бұл ән 1975-80 жылдары «Алтай әуендері» вокалды-аспаптық ансамблінің орындауында халыққа танымал болады.
«Восток-90» әншілер байқауында М. Мақатаевтың сөзіне жазылған «Несіне өмір сүргенсің» әні орындалып, лауреат атанады.
2000 жылы Өскемен қаласының 250 жылдығына арналған байқауда «Ару қалам, Өскемен» деген М. Тастағановтың сөзіне жазылған әні жүлделі орын алып, лауреат атағын иеленеді.
Бүгінде Ұ. Есдәулетовтің сөзіне жазылған «Жер ана» әні, «Жаса мәңгі туған жер, «Ару қалам Өскемен», А. Дүйсенбінің сөзіне жазылған «Ұлағатты ұстаз», А. Нұрбаевтың сөзіне жазылған «Өр, Қаратай» және т.б. әндері көптеген республикалық, облыстық конкурстарда орындалып жүр.
Бұлардан басқа Ф. Оңғарсынова, Б. Раисова, Ғ. Байбатыров, Ә. Қаңтарбаев, К. Ерқасов сынды ақындардың сөзіне ән жазған. Әндері ырғақтық суреттерімен күрделі, түрлі жанрларда жазылған.
| |
|
|
|
|
|
Байланыс тел.: 26-13-33 (123)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26323025
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы