«Көктемді кітапханамен бірге қарсы ал!» Алғыс айту Күні
- Толығырақ
- Құрылды 01.03.2022 16:58
Бүгін біз ерекше мәні бар әрі рухани қуанышқа толы мереке – Алғыс айту күнін атап өтудеміз. Бұл күні кітапхана қонақтарын «Алғыс айту – асыл қасиет әдеби көрме-экспозициясымен қарсы алды.
Көрмеден бүкіл өмірін халқына арнаған көрнекті жазушы Мұхтар Әуезовтің кітаптары; қазақстандық әдебиеттанушы, публицист және аудармашы Герольд Бельгердің рухани туыстық пен түрлі мәдениеттердің бірлігі, қазақша сөйлеудің өзіндік ерекшелігі мен тіл байлығы, мәңгілік үйлесім туралы очерк-эсселері де орын алған. Бүгін біздің қонақтарымыз осы авторлардың кітаптарынан алынған «Мұхтар Әуезовтың туған еліне соңғы хаты» және Алғыс айту Күніне орай Герольд Бельгердің «Гармония духа» шығармасынан диктант жазды. Әдеби диктанттың мақсаты – кез келген адамның өзінің сауаттылығын тексеруіне мүмкіндік беру, сондай-ақ заманауи қоғамда сауаттылықтың маңыздылығын атап өту және қаламгерлердің шығармашылығын насихаттау. Диктантқа қаламыздағы Қазақстан-Американдық еркін университетінің, С.Аманжолов университетінің студенттері мен мемлекет қызметкерлері (ДУИС, УССО) қатысып, өздерінің сауаттылықтарын тексерді.
Сондай-ақ, апта бойы оқырмандарды келесідей қызықты да пайдалы шеберлік-сағаттары күтеді:
– дизайн және фотошоп: «Құттықтау ашықхаты», «Бейнеқұттықтау», «Айшықсыз суреттер», «Өз аватаркаңды жаса», «Ертегі кейіпкері».
– қолөнер және тігін: эко-сөмке – шопперлердің үлгісін жасау және тігу, сублимациялық басып шығару технологиясын игеру, Канзаши техникасында аксессуарлар жасау, Ализе Пуффи тоқуы.
5 наурыз күні «В кругу друзей» клубының мерекелік бағдарламасы мен жас оқырмандарымыздың қатысуымен өтетін концертті тамашалаңыздар.
Баршаңызды көктемді Пушкин кітапханасымен бірге қарсы алуға шақырамыз!
|
|
|
|
|
|
|
Контактное лицо: Ашкенова Ж.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26329205
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы