Ана -өмір, ана - жыр
- Толығырақ
- Құрылды 04.03.2022 12:39
Ғажайып әйелдер - әдемілік пен әсемдіктен жаратылған ерекше жандар. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханасында көпшілік оқырмандар үшін «Ана-өмір, ана-жыр» атты Халықаралық әйелдер күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмені Ұлы дала тарихындағы әйгілі, әрі есімі аңызға айналған әйелдері туралы кітаптар ашады. Олар скиф патшайымы Тұмар, сақ патшасының қызы Зарина патшайым, Сыр-Дария жағалауын билеген Роксонаки. «Ұлы даланың ұлы қыздары», «Бозоқ аруы», «Даланың дана арулары», жерлесіміз Ш.Құмарованың «Сүзгенің соңғы күндері» кітаптарында Ұлы қазақ даласының мақтан тұтар қыздарының бейнесі мен белсенді істері суреттелген. «Айбике», «Айғаным», «Күнімжан», «Бопай», «Қыз Жібек», «Баян сұлу» т.б. қазақ хандығы кезеңіндегі ерлігімен, даналығымен барша жұртқа өнеге бола білген әйелдер туралы «Қазақ тарихындағы әйелдер» кітабынан табамыз.
Көрменің келесі бөлімінде тағдырдың жазуымен «Халық жауының әйелдері» деген айдар тағылып, еңбекпен түзету лагерлеріне жіберіліп, тұтқындалған Алаш арыстарының әйелдерінің ерлігі жайындағы әдебиеттер көрініс табады. Қазақ әйелдері тағдырлары қыл үстінде тұрса да мойымады, жасымады. Бұл туралы «Алашорда», «Нәзипа Құлжанова шығармалары», М.Дулатовтың қызы Г.Дулатоваға арналған «Алаш қызы Гүлнар», «Менің Анам Фархинур Мұхамедханова» кітаптарында мәліметтер бар.
Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батыр қыздар – Ә.Молдағұлова, М.Мәметова, Х.Доспанова және біздің жерлесіміз ұшқыш Т.Әмірова. Осындай дана әрі қайратты әйелдер туған елінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп, осы жолда жеке өмірін құрбан етіп, ерлік пен патриотизм символына айналды.
Қазіргі таңда көптеген қыздарымыз еліміздің қоғамдық өміріне кеңінен араласып, белсенділік танытуда. Саясатта жүрген әйелдер де баршылық. Әсіресе, Шығыс Қазақстандағы 50-ден астам әйгілі, табысты, өзін-өзі қамтамасыз ететін, беделді және белсенді әйелдерді сипаттайтын Шығыс Қазақстан және Өскемен іскер әйелдер қауымдастығы шығарған «Жемчужное ожерелье» және «Қазақстанның қанатты әйелдері», В.Аксеновтың «Женщины» кітаптарын ерекше атап өтеміз.
Әрбір әйел - актриса. Бірақ, өнер өмірлік серігіне арналған әйелдер бар. Көрмеміздің келесі бөлімі ән, би, күй, кино, сурет өнеріндегі нәзік жандардың шеберліктері туралы әңгімелейді. Атап айтсақ, қазақ биінің алғашқы жұлдыздарының бірі Ш.Жиенқұлова, қазақтың опера әншісі К.Байсейітова, атақты күйші Д.Нұрпейісова, аты аңызға айналған Р.Бағланова, «керемет бұлбұл» Б.Төлегенова, әйел суретші Г.Исмаилова, кино майталмандары С.Майқанова, Ә.Өмірзақова, эстрада жұлдызы Р.Рымбаева, теңдессіз Н.Үсенбаева және басқалары .
Көрме қазақ қоғамында өмірін әдебиетке, білім беруге арнаған ақын-жазушы, ұстаз әйелдерге арналған бөліммен аяқталады. Мәселен, поэзия шолпаны Ф.Оңғарсынова, поэзия аққуы М.Айтқожина, Ж. Әскербекқызы, Біздің жерлестеріміз Б.Райсова, Б.Қабиқызы, ұстаздықтың падишасы Қ.Бітібаева сынды танымал есімдерді атасақ болады.
Әйелдер тәуелсіз еліміздегі бейбіт, тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы.
Сіздерді көрмеде күтеміз!
Байланысшы: Ошанқызы М, тел. 261333
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26322668
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы