Наурыз – жаңару, жаңғыру мерекесі!
- Толығырақ
- Құрылды 14.03.2022 12:46
22 наурыз күні біз ертеден келе жатқан ұлық мереке – Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын атап өтеміз. Наурыз тек күн мен түн теңеліп, тіршілік атаулыға жан бітетін мейрам ғана емес, бұл – бірлік пен еңбектің, мейірім мен ізгіліктің, достық пен татулықтың мерекесі. Көктем мерекесін атап өту айдың ортасынан бастау алады, біздің кітапхана да осы дәстүрді ұстанып, 14 наурыздан бастап оқырмандарын «Наурыз тойы – мереке, салт-дәстүрім – береке» интерактивті әдебиеттер экспозициясымен қарсы алады.
Әрине, мереке күндері қонақтарды ән-шашусыз қарсы алу мүмкін емес, ал кітапхана қонақтары – жерлес авторлардың өлең-сөзбен өрілген әдемі туындылары қашанда адамдардың табиғатқа, бір-біріне жақын болып, араларында жылы да достық атмосфера орнауына көмектеседі. 16 наурыз күні барша кітапхана пайдаланушыларын «Қош келдің, Әз-Наурыз!» әдеби-музыкалық қонақжайы күтетін болады.
Әдеби қонақжай бағдарламасында: «Наурыз – береке бастауы» кітапхана оқырмандарымен интерактив, «Наурыз мерекесінің тарихын білеміз бе?!»: квест ойыны, «Салт-дәстүрім – салтанатым»: ұлттық салт-дәстүрімізге арналған викторина, «Қазақтың ұлттық ойындары – ұлтымыздың құнды мұрасы»: ұлттық ойындар жарысы, «Қазақстан халықтарының ұлттық тағамдары»: ұлттық тағамдар жәрмеңкесі; «Шебердің қолы ортақ»: қолөнер бұйымдарының көрмесі және шеберлік-сағаттары; «Наурыз думан»: мерекелік құттықтауларға арналған еркін микрафон т. б.
Ал жерлес қылқалам шебері Құдаш Нұрсадықовтың «Сурет» студиясы шәкірттерінің туындылары ұсынылған «Қылқаламдағы көктем лебі...» арт-экспозициясынан көктемнің жайма-шуақ көңіл-күйін анық сезінуге болады. Барлық қала тұрғындарын 18 наурызда өтетін көркемсурет галереясының ашылу салтанатына қатысып, жас таланттардың еңбектерін тамашалауға шақырамыз.
17 наурыз күні «Салт-дәстүр – сан ғасырлық саф мұра» онлайн кездесуі өтеді. Кітапхана қонағы – журналист, этнограф, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Бекен Қайратұлы қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының терең мағынасына тоқталып, қатысушылардың сұрақтарына жауап береді.
Наурыз мерекесі күндері – 14 наурыздан 22 наурызға дейін баршамыз бір-бірімізді Наурыз мейрамымен құттықтап, меркелік көңіл күйімізбен бөлісе аламыз.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Наурыз мейрамын тойлауға арналған іс-шараларға қош келдіңіздер!
Байланыс тел.: Жансая Ашкенова ; 26-13-33 (119)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26323025
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы