Көрісу күні Наурыз мейрамының бастауы
- Толығырақ
- Құрылды 14.03.2022 15:46
14 наурыз - Көрісу күні. Көрісу күні жаңа өмір, жаңа жыл, жаңа күнмен көрісу деген мағынаны білдіреді. Адамдар бұл күні арасындағы бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, араздықты ұмытып, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көктемге аман есен жеттік деп, дастархан жайып, үлкендерге сәлем беріп, құттықтап жатады. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды.
Көрісу дәстүрінің тарихына үңілсек, ертеректе жапан далада қыс айларында мал баққан көпшенді халық бір-бірімен көрісе алмай, бір-бірін тек көктем келгенде Наурыз мейрамына қарай көре алған екен. Сол уақыттан бері көрісу дәстүр ретінде сақталып қалған.
Бұл күні барлығы бір-біріне сәлем беріп, қол алысқан. Ежелден келе жатқан дәстүрдің ерекшелігі де осында. Дәл осы күні бір-біріне ақ тілегін айтқан адамдар бұдан кейін арадағы реніштерін жойып, табысады. Бұл күні түрлі тағамдар дайындалып, мол дастархан жайылған. Дастархан басында үйдің ақсақалы "Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болсын" деген сөздермен батасын берген.
Бұл күні кітапхана оқырмандарын қуанышпен қарсы алып, мерекенің тарихы туралы ақпараттармен бөлісіп, қонақтар бауырсақ дәмінен ауыз тиді.
Құрметті өскемендіктер және қала қонақтары! Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтай отырып, кітапханамыздың қонағы болып, мерекеге арналған іс-шараларға қатысып, кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз.
|
|
|
|
|
|
|
Байланысшы: Жансая Ашкенова
Байланыс тел.: 26-13-33 (119)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26322668
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы