Наурыз құтты болсын!
- Толығырақ
- Құрылды 22.03.2022 16:19
А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы Өскемен қаласының орталық алаңындағы Наурыз мейрамын тойлауға қатысты. Кітапхана киіз үйлердің бірінде қазақ халқының даңқты ұлдары – биылғы жылдың мерейгерлері жайлы басылымдарды ұсынды, олар: Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатын нығайтуға баға жетпес үлес қосқан білікті дипломат Қазыбек би; 1837-1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың көшбасшысы болған, қазақ хандығының соңғы ханы Кенесары Қасымов; Жоңғар шапқыншыларымен күрескен қайсарлы батырлар Қаракерей Қабанбай мен Көкжал Барақ; қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, ұлттық жазуды реформалаушы, Алаш Орда үкіметінің мүшесі Ахмет Байтұрсынов; Абайды әлемге танытқан көрнекті жазушы, драматург әрі ғалым Мұхтар Әуезов және т. б.
Облысымыздың мәдени өміріндегі жетістіктердің бірі «Абай әлемі» кітап сериясы» жобасы, оның мақсаты – еліміздің ұлттық игілігін қалыптастырып, дамытуға үлес қосқан көрнекті жерлес жазушылардың әдеби мұрасын наихаттау.
Әрине, табиғаттың көктемгі жаңару мерекесі, жаңа жылдың көрінісі – Наурыз мейрамына арналған иллюстрацияланған кітаптар да жеке орын алған. Мұнда мерекенің тарихы, ұлттық дәстүрлер, қолданбалы өнер бұйымдары, қазақ киімдері мен әшекейлерінің ерекшеліктерінен сыр шертетін еңбектер берілген.
Кітапхана қызметкерлері ұсынылған кітаптар жайлы айтып қана қоймай, қызықты викториналар, квест-ойындар өткізді, ал олардың жауабын кітап көрмесінен табуға болады.
Облыстық өнер мұражайы ұсынған көктем, бейбітшілік пен ізгілік мейрамы – Наурыз жайлы керемет көңіл-күй сыйлайтын ерекше әсем туындылар көрменің сәнін келтіре түсті.
Наурыз мерекесі құтты болсын! Барлықтарыңызға зор денсаулық, көктемдей көтеріңкі көңіл -күй, әр отбасына – бақыт, молшылық пен амандық, ал елімізге – бейбітшілік пен бірлік тілейміз!
Байланыс тел.: 261 333
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26322668
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы