homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«Өмір кітабымның тараулары»: Сарышева Фарида Батырбекқызының кітабының тұсаукесері
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Өмір кітабымның тараулары»: Сарышева Фарида Батырбекқызының кітабының тұсаукесері

13 сәуір күні сағат 15.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада жерлесіміз, ұстаз, жазушы Сарышева Фарида Батырбекқызының «Өмір кітабымның тараулары» кітабының тұсаукесері өтеді.

Сарышева ФаридаФарида Батырбекқызы Тарбағатай ауданы, Шілікті ауылында дүниеге келген. Семей қаласындағы М.О. Әуезов атындағы педагогикалық училищені, С. Киров атындағы Ұлттық Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Қазақстан Республикасы оқу ісінің үздігі, Ақтөбе облысының екі дүркін «Облыстың ең үздік мұғалімі» грант иегері, «Басқару ойының дамуына қосқан үлесі үшін» Ф. Тейлор атындағы алтын медаль, «Ұлт ұстазы» төсбелгісі және «Еңбек ардагері», «Қазақстанның құрметті азаматы» медалінің иегері.
Ф. Сарышеваның көп жылдық тәжірибесі мен терең ізденіс, зерттеулерінің нәтижесінде «Әдебиет – өмірді таныту құралы», «Қазақ әдебиетін оқытудағы сабақ үлгілері», «Қазақтың төл мысалдарын тереңдетіп оқыту» авторлық бағдарламасы, «Кәсіптік білім беру жүйесінде қазақ әдебиеті пәнін сын тұрғысынан ойлау технологиясы», «Тіл тазалығын сақтайық», «Қазақ әдебиеті және космогония», «М. Құттықовтың ақындық шығармашылығы» еңбектері жарыққа шықты.
Автордың оқырманға жол тартқан «Өмір кітабымның тараулары» кітабы бұрынғы басылымдардан өзгеше. Кітапта ежелгі сақ тайпасының орталығы болған Шілікті, Тасбастау ауылдары туралы баяндалады. Туған жерге деген махаббат, қарапайым ауылдастары, ұстаздары, ардақты ата-ана, қазақ әйелінің тағдыры, адами бақыт туралы сыр шертіледі.
Құрметті өскемендіктер, кітапсүйер қауым! Фарида Батырбекқызының жаңа туындысымен танысып, автормен емен-жарқын сұхбат құруға кітапханаға келіңіздер!

Байланыс тел.: 26-13-33 (123)

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26045503
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102