homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ"Қолдан жасалған ғажайыптар" көрме-жәрмеңке
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

"Қолдан жасалған ғажайыптар" көрме-жәрмеңке

19 сәуір күні кітапханада "Қолдан жасалған ғажайыптар" көрме-жәрмеңкесінің ашылуы өтті.

Көрмеде сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары: киізден және моншақтан жасалған суреттер, акварель бояуларымен салынған суреттер, , гипстен жасалған вазалар, тоқылған бұйымдар, 3D принтерде жасалған жұмыстар (сырғалар, ойыншықтар) т.б. ұсынылды.
Қолданбалы өнердің түрлі техникалары мен жанрларында орындалған бұл бұйымдардың авторлары - қаламыздағы «АқНиет" мектеп - интернаты тәрбиеленушілері.
«АқНиет" мектеп - интернаты ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымы бола отырып, педагогикалық ұжым балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда үлкен рөл атқарады. Бұл балалар техникалық және көркем шығармашылықтың әртүрлі бағыттары бойынша республикалық және халықаралық деңгейдегі конкурстарға, фестивальдар мен олимпиадаларға белсенді қатысады. Бірнеше рет "Абилимпикс" халықаралық қозғалысының ұлттық чемпионаттарының жүлдегерлері болды. Бұл көрменің жасөспірімдерді ерте кәсіби бағдарлау және кәсіби өзін-өзі анықтауда маңызды өте зор. Пушкин атындағы кітапхана мен «АқНиет" мектеп – интернаты бірге ынтымақтастықта қызмет етеді.
2013 жылдан бастап кітапханада "Кедергісіз кітапхана" жобасы жұмыс істейді. Жоба мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарттардың әртүрлі топтары үшін әлеуметтік-мәдени ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуді, мүмкіндігі шектеулі жандар әлеуметтендіру және білім беру тетіктерін жетілдіруді, бос уақытын ұйымдастыруды, мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарттарға қоғамның оң-мүдделі қатынасын қалыптастыруды көздейді.
Құрметті оқырмандар! Баршаңызды 19-24 сәуір аралығында өтетін "Қолдан жасалған ғажайыптар" көрме-жәрмеңкесіне шақырамыз. «АқНиет" мектеп - интернаты балаларының қолынан шыққан бұйымдарды алып, қолдау көрсетейік!

 akniet 1 31 akniet 1 18  akniet 1 34     akniet 1 14 akniet 1 16 akniet 1 30

 

Байланыс тел.: 26-13-33, ішкі.119

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26329012
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102