«Тірліктің күші – бірлікте»,
- Толығырақ
- Құрылды 23.04.2022 09:29
- деген қазақтың мақалы бар. 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі. 26 сәуір - 1 мамыр аралығында А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы осы маңызды да жарқын мерекеге арналған іс-шаралар бағдарламасын ұсынады.
Мерекелік іс-шаралар әдеби көрмеден бастау алады. Әдебиеттер экспозициясында ұсынылған түрлі кітаптар келушілерге мерекелік атмосфера сыйлап, келушілердің ішкі әлемін дана адамдардың жарқын ойларымен байытады.
Этнографиялық диктант – облыстық ағартушылық акция, адамдардың назарын этнографияны зерттеуге аударудың бір тәсілі. Диктантқа этнография саласы бойынша өз білімдерін, оның ішінде Шығыс Қазақстанда тұратын этностардың дәстүрлері мен мәдениеті туралы білімдерін тексергісі келетін барлық ниет білдірушілер қатыса алады.
Бағдарлама аясында жастарға арналған онлайн-квест ұйымдастырылады. Мерекелік бағдарлама аясында «Бақыттымын өзіңмен» атты аралас ұлтты отбасылардың фотосуреттері онлайн көрмесі келушілер назарына ұсынылады. Фотосуреттер жүректер диалогын сақтап, бақыт тудырған түрлі этнос өкілдерінің отбасылары туралы әңгімелейді.
Мерекелік шаралар бағдарламасы:
26 сәуір - 2 мамыр – «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін»: әдеби көрме-эссе; бейнешолу;
28 сәуір – «Этнографиялық диктант» облыстық ағартушылық акциясы;
26- 29 сәуір – «Бірлігіміз жарасқан»: жастарға арналған квест-ойын;
26 сәуір – 2 мамыр – «Бақыттымын өзіңмен»: аралас ұлтты отбасылармен фотосуреттер.
Байланысшы: Жансая Ашкенова; тел.: 26-13-33 (ішкі. 119)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26322668
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы