homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«Халкымның каҺарман қызымын»: лекция-концерт
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Халкымның каҺарман қызымын»: лекция-концерт

3 мамыр 2022 жылы сағат 15.00 де А. С. Пушкин атындағы кітапханада Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған «Халқымның қаһарман қызымын» атты лекция-концерт өтеді.

  Roza BaglanovaКеш жүргізушісі сондай-ақ, Роза Бағланованың репертуарындағы әндерді орындаушы Қазақстанның мәдениет қайраткері, Халықаралық этноконкурстың бас жүлдесінің иегері Касенова Гуля Ауталиповна.

Биыл қазақтың ұлы әншісі, КСРО халық әртісі, Қазақстанның халық қаһарманы – Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы. Екі ғасырдың куәсі, аты жарты әлемге жария болған Роза Тәжібайқызының шығармашылық жолы жарқын болды. Концерт барысында Тағдырдың «тар жол, тайғақ кешуін» көп көрген қазақтың қаһарман қызының ұлттық эстрада жанрының қалыптасуына сіңірген зор еңбегі туралы айтылады.
Концерт-лекцияда әншілер Гуля Касенова «Ақ маңдайлым», «Ах самара городок», «Танцуй, танцуй, «Елімнің ерке қызымын» әндерін, «Әдемі-ау» әні Т. Тащанова мен Гуля Касенова, Т. Қыдырханова «Желсіз түнде жарық-ай», Хадыхан Манай «Жарқ етпес қара көңлім не қылса да», «Іңкәрім-ай» , С. Байыр, Т. Манат «Асыл арман» , Т. Тащанова «Ақсұңқар», Бескөл халық фолклорлық ансамблінің әншісі Т. Сәрсембина «Саулемай» , «Гәкку» әжелер тобы «Бәрінен де сен сұлу» , А.Смағулов «Кестелі ақ жібек орамал», «Сырғалым» тобы «Катюша» әндерін орындайды.
КСРО мен Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы, Кеңестің және қазақтың опера және эстрада әншісі, халқымыздың маңдайына біткен күміс көмей жарық жұлдызы Роза Бағланованың мұрасы мәңгілік. Роза Тәжібайқызының репертуарындағы әндердің лекция-концертінен құр қалмаңыз! Тамаша әнмен қалықтап, мерекелік көңілде болыңыздар! Келіңіздер, көріңіздер! 

Байланыс тел.: 26-13-33 (123)

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26323025
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102